Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екендігін және теңге бағамын негізсіз төмендету үшін негіздердің жоқ екендігін хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі нарыққа тұрақты түрде мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда ұлттық валюта бағамының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды. Қазақстан Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер халық және бизнес тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қолма-қол, сол сияқты қолма-қол емес шетел валютасының жеткілікті қорына ие. Қазақстан Ұлттық Банкі банк жүйесін шетел және ұлттық валютасының қажетті санымен уақтылы толықтырып отыруға дайын.

Теңгенің бағамын қалыптастыру іргелі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жалғасады, олар қазіргі уақытта қолайлы қалыптасып отыр:  мұнай бағасы мұнайдың баррелі үшін 65-70 АҚШ доллары ауқымында тұр, Ресей рублі нығаю үрдісін көрсетіп, экономикалық өсу қарқыны орнықты болып қалуда, төлем балансының жай-күйі тұрақты. 

Теңгенің ағымдағы бағамы тұрақты және «KASE» Қазақстан қор биржасында Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуынсыз қалыптасады. Валюта нарығындағы ықтимал құбылмалылық іргелі факторлардың әрекетіне негізделмеген және қысқа мерзімді сипатта ғана болуы мүмкін. Осы жағдайларда Ұлттық Банк ықтимал шығындарды болдырмау үшін валютаны сатып алу мен сату бойынша баға белгілеудің айырмасында, сол сияқты теңгенің валюталық бағамын түзету нәтижесінде де алыпсатарлық валюталық операцияларды жүзеге асырмауды ұсынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуалды бақылап отыр.  Айырбастау пункттерінде валюталарды айырбастау бағамын көтеру жағдайлары туындаған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары оларды қарауға және нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті жедел әрекет қабылдауға дайын.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

«Қол сұғылмайтын» банктік шот: нені білу маңызды

Ешбір адам қаржылық қиындықтардан сақтандырылмаған және мұндай сәттерде адамның қарызы болған кезде де кірістің бір бөлігін қорғауға құқығы бар екенін білу маңызды. Ол үшін арнайы «қол сұғылмайтын» шот (арнайы шот) бар – әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды есептен шығарудан және тыйым салудан сақтауға көмектесетін банктік құрал. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz