Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 2016 жылы 12,9 трлн. теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісінде баяндама жасаған кезде хабарлады.

Бұл ретте, оның айтуы бойынша кредиттеуде айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды. Мәселен, шағын бизнесті кредиттеу 1 трлн. теңгеден аса ұлғайды. «Олардың кредиттік портфельдегі үлесінің өсуі ең жоғары 24% мәніне жетті. Яғни, банктер әрбір 4-ші теңгені шағын кәсіпкерлікке берді», – деп нақтылады ол.  

Сондай-ақ, Ұлттық Банк басшысы өңдеу өнеркәсібінде, ауылшаруашылығында, саудада кредиттеу жандандырылғанын атап өтті. «Енді біздің міндетіміз жалпы экономика бойынша кредиттеудің өсуінің сенімді траекториясы болып табылады, – деп мәлімдеді Д. Ақышев, – Банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіру үшін көбірек уақыт қажет. Елдің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Бұл бағыттарды Мемлекет басшысы Жолдауында айқындады. Біз тиісті жұмысты бастадық».

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz