Қазақстан Ұлттық Банкі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмысын жалғастыруда. Осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «MoneyTime» телевизиялық бағдарламасын іске асыруда.
Телевизиялық жобаның мақсаты – қаржылық мәселелерге байланысты шешімдер қабылдаған кезде қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын көрсету.
Бағдарламаның әрбір шығарылымында түрлі қаржылық операцияларға байланысты жеке өмірдегі жағдай көрсетіледі: банкте кредит ресімдеу, ипотекалық кредит, мүлікті сақтандыру және басқасы. Негізіне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың тарихы алынады, олардың проблемалары мен мәселелері, сондай-ақ оларға берілетін жауаптар қарастырылады.
Бағдарламаның әрбір шығарылымы қарастырылатын тақырып бойынша қызықты фактілермен қатар жүреді, тарихи мысалдардан шетелдік және қазақстандық қаржы саласындағы заманауи жағдайларға дейін.
«MoneyTime» бағдарламасы AstanaTV телеарнасында әрбір сенбі және жексенбіде мемлекеттік тілде және орыс тілінде шығады.
Сіздердің назарларыңызға «MoneyTime» тележобасының алғашқы екі шығарылымын ұсынамыз.