Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кредиттерді Қазақстанның аумағында екінші деңгейдегі банктер (банктер) ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен соң, сондай-ақ банктерге де, МҚҰ-ға да жатпайтын және қызметін жүзеге асыру үшін лицензия немесе өзге де рұқсат алу талап етілмейтін кредиторлар бере алады.

Ұлттық Банктің лицензиясы бар банктердің және Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен МҚҰ тізімімен Ұлттық Банктің сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде танысуға болады. 

Банктерге және МҚҰ-ға жатпайтын кредиторларға толығырақ тоқталсақ. Мұндай кредиторлар өз қызметін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Кодекс) ережелеріне сәйкес жүзеге асырады және олардың көпшілігі қарыздарды онлайн режимде береді (онлайн компаниялар). 

Көбінесе онлайн компаниялар өздерін МҚҰ деп атап, азаматтарды жаңылыстырады. 

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қазіргі кезде Ұлттық Банк қарыздарды, оның ішінде онлайн режимінде беретін және банктер мен МҚҰ-ға жатпайтын кредиторлардың қызметін реттемейді. Қарыз алушылар онлайн компаниялардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне  шағымдармен сотқа жүгіне алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Онлайн компаниялардың қарыз алушыларын қорғау мақсатында Кодексте жеке тұлғаларға берілетін қарыздар бойынша мына негізгі шектеулер қарастырылған талаптар (Кодекстің 718-бабы
1-тармағының екінші бөлігі, 725-1-бабы) көзделген:

- қарыз шартында қамтылуға тиіс қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 100%-дан аспауға тиіс;

- төлемнің мерзімін өткізгені үшін тұрақсыздық айыбының мөлшері мерзімін өткізудің әр күні үшін мерзімі өткен төлемнің сомасынан 0,5% аспауы, бірақ берілген қарыз сомасынан  жылына 10%-дан аспауға тиіс;

- қарыз бойынша артық төлемнің шекті мөлшері берілген қарыздың сомасынан аспауға тиіс;

- осы шектеулер, сондай-ақ Кодекстің 725-1-бабы 1-тармағының өзге талаптары сақталмаған жағдайда, қарыз шарты маңызсыз деп танылады.

Кодекстің 725-1-бабының талаптары 2018 жылғы 16 шілдеде қолданысқа енгізілгеніне және осы шектеулер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қарыз шарттарына қолданылмайтындығына назар аударамыз.

Осылайша, қарыз шартының талаптары көрсетілген талаптардың кез келгеніне сәйкес келмеген кезде қарыз алушы осындай шартты   сот арқылы маңызсыз деп тануға құқылы.

Сонымен қатар бүгінгі күні жекелеген онлайн компаниялар азаматтардың жеткіліксіз қаржылық сауатсыздығын, сондай-ақ қарыз алушылардың мұқият көңіл аудармайтындығын пайдаланып, шартта қарыз алушы есебінен негізсіз  баюға мүмкіндік беретін талаптарды көздейді, мысалы:

- қарыз шартында ұсынбағаны үшін айыппұл салынатын, қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету бойынша кепілгер немесе бірнеше кепілгер  туралы деректер ұсыну қажеттілігі туралы талап көзделеді;

- әлеуетті клиенттерді табатын үшінші тұлғалардың қызметтері үшін  қарыз алушыдан комиссия алады, онлайн компаниялар үшін қарыз шартын ресімдейді.

Онлайн компаниялардың Кодекс ережелерін теріс пайдалануын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта Ұлттық Банк заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігін талдауда.

Кредит алу туралы шешім – жауапты шешім, сондықтан кредитті қайтару қарыз алушы үшін кредитормен айтыс-тартысқа және бүлінген кредиттік тарихқа айналмас үшін:

- кредиттің қаншалықты қажет екенін бағалау;

- өз кірістері мен шығыстарын ескере отырып, өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептеу;

- кредитке жұмсалатын шығыстардың болжамды өсуін ескере отырып, өз мүмкіндіктерін талдау;

- кредит алудың борыштың негізгі сомасын (кредитордан алынған сома) шартта белгіленген мерзімде қайтару, сондай-ақ кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы, комиссиялар мен басқа да төлемдерді төлеу  міндетін пайымдайтынын түсіну;

- қарыз шартын мұқият оқу ҚАЖЕТ.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

«Қол сұғылмайтын» банктік шот: нені білу маңызды

Ешбір адам қаржылық қиындықтардан сақтандырылмаған және мұндай сәттерде адамның қарызы болған кезде де кірістің бір бөлігін қорғауға құқығы бар екенін білу маңызды. Ол үшін арнайы «қол сұғылмайтын» шот (арнайы шот) бар – әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды есептен шығарудан және тыйым салудан сақтауға көмектесетін банктік құрал. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz