15 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,2%-ға нығайып (379,42-ден), 378,51 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 8 наурыздан 15 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар қаңтарда АҚШ-та бөлшек сауданың өсу қарқынының жылдамдауы, базалық инфляция көрсеткіштерінің баяулауы және ақпанда АҚШ-та өнеркәсіптік өндірістің мардымсыз өсуі туралы деректерді, сауда-саттық келісімінің мәтініне қол қою үшін ҚХР мен АҚШ елдерінің көшбасшылары арасында кездесуді сәуір айына ауыстыру ықтималдылығы туралы хабарды жариялау, Ұлыбританияның Парламентінде ЕО-дан шығу талаптары туралы бірқатар дауыс берулер өткізу: депутаттар Т.Мэйдің келісім жобасына қарсы дауыс берді және елдің шығу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ұзарту, сондай-ақ Үкіметтің Қытайдың экономикасын 1 сәуірден бастап ҚҚС-қа салықты төмендету түрінде қолдау шалары туралы айтты. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Ресей рублі мұнай бағасының 2018 жылғы қарашадан бастап шырқау шегіне жетуі және ФҚО орналастыру бойынша аукциондардың табысты өтуі аясында 2,3%-ға (66,34-тен 64,8-ге дейін) нығайды. РФ Қаржы министрлігі мемлекеттік борыштың 91,5 млрд. рубль рекордтық көлемін бір күннің аясында орналастырды;
- Үндістан рупиясы импорттың құлдырауы шеңберінде сауда-саттық тапшылығының қаңтардағы $14,7 млрд. салыстырғанда ақпанда $9,6 млрд. дейін азаюы аясында 1, 5%-ға (70,15-тен 69,1-ге дейін) нығайды;
- Мексика песосы қаңтарда өнеркәсіптік өндірістің неғұрлым бәсең баяулауы және инвесторлардың тәуекел активтеріне сентиментінің жалпы жақсаруы аясында 1,4%-ға (19,49-дан 19,21-ге дейін) нығайды;
- Бразилия реалы инфляцияның үдеуі, алайда ОБ-нің таргеті, сондай-ақ бөлшек сауданың өсу қарқынының жылдамдауы туралы деректерді жария ету аясында 1,3%-ға (3,87 –ден 3,82-ге дейін) нығайды;
- Индонезия рупиясы 5 ай ішінде алғаш рет ақпандағы оң сауда-саттық балансының аясында 0,4%-ға (14 314-тен 14 260-қа дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда-саттық келіссөздеріндегі алға басулар және инвесторлардың тәуекел активтеріне сентиментінің жақсаруы туралы хабардың аясында 0,3% -ға (14,44-тен 14,4-ке дейін) нығайды;
- Түрік лирасы ел экономикасының рецессияға кіруі туралы статистиканы жария ету аясында 0,2%-ға (5,44 –тен 5,45-ке дейін) әлсіреді.
________
[1] шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды