2016 жылы жинақтау, есеп айырысу және активтер құнының өлшемі ретінде ұлттық валюта теңгенің үлесін ұлғайтуда үлкен прогреске қол жеткізілді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев өзінің ҚР Парламентінің Мәжілісінде сөйлеген сөзі барысында хабарлады.
Оның айтуынша, 2016 жылы теңгемен депозиттер 3,3 трлн. теңгеге өсті, шетел валютасында – 1,1 трлн. теңгеге төмендеді. «Барлық депозиттердің долларлану деңгейі ең жоғары 70%-дан 55%-ға дейін, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 80%-дан 62%-ға дейін төмендеді – деп атап өтті Д. Ақышев. – Бұған валюта нарығындағы тұрақтану және Ұлттық Банктің теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру себепші болды».