Қымбатты достар!
Қаржылық сауаттылық білімді болып қана қоймай, қаржыға жауапты қарауды, сондай-ақ жеке бюджетіңді басқару дағдыларын қалыптастырып, қолдануды болжайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстары шеңберінде Сіздердің назарларыңызға өзекті қаржы мәселелерін түсіндіріп беретін роликтерді ұсынып отыр.
Роликтер мынадай тақырыптарға арналған:
• «Банктік қарыз шартын оқу кезінде неге назар аудару қажет?»;
• «Жеке бюджет»;
• «Кредит беретін алаяқтар»;
• «Кредит мәселелері»;
• «Кредиттік тарих»;
• «Сақтандыру».