Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

 Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

7 наурыздағы  сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,9%-ға әлсіреп (375,9-дан), 379,42 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 1 наурыздан 8 наурыз2 аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  Австралия, Канада және ЕОБ-нің негізгі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтау туралы шешімі, ЕОБ-нің банктерге арналған нысаналы ұзақ мерзімді кредиттердің жаңа топтамасын жария етуі,  желтоқсан айында АҚШ-тағы сауда-саттық тапшылығының ұлғаюы, қаңтар айында Қытайда экспорттың айтарлықтай қысқаруы (-20,7%г/г) туралы статистиканы жария ету,  АҚШ-тың еңбек нарығындағы біркелкі емес деректердің шығуы: соңғы жарты жыл ішінде жұмыс орындары санының ең аз өсуі (+20 орын), жұмыссыздық деңгейінің   3,8%-ға дейін төмендеуі және жалақының ақпанда 3,4%-ға ұлғаюы болды.  Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының3 АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Үндістан рупиясы  Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысты де-экскалациялау және қор нарығына шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,1%-ға (70,91-ден 70,15-ке дейін) нығайды; 
  • Ресей рублі  инвесторлардың  тәуекелге қызығушылығының төмендеуінің жалпы үрдісі аясында  0,6%-ға  (65,92-ден 66,34-ке дейін) әлсіреді; 
  • Мексика песосы  ақпанда (3,94% г/г) инфляцияның баялауы туралы деректерді жариялау аясында 1,1%-ға (19,27-ден 19,49-ға дейін) әлсіреді, ол ағымдағы жылы реттеушінің негізгі мөлшерлемені төмендетуі туралы инвесторлардың күтулерін өсіре отырып, ОБ-нің нысаналы дәлізіне (2-4%) кіреді;  
  • Түрік лирасы 1,3%-ға ( 5,37-ден 5,44-ке  дейін)  әлсіреді. ОБ қатарынан төрт отырыстың қорытындысы бойынша негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтап қалды (24%);
  • Индонезия  рупиясы  жаһандық экономиканың өсу қарқынының баяулауына байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында  1,4% -ға (14 120-дан  14 314-ке дейін) әлсіреді; 
  • Оңтүстік Африка ранды  ОАР басқарушы партиясының қазіргі уақытта жеке инвесторларға тиесілі Орталық Банкті мемлекет меншігіне алу  ниеті аясында 1,5%-ға (14,23-тен 14,44- ке  дейін) әлсіреді.
  • Бразилия реалы жергілікті БАҚ Президент әйелдердің ең аз зейнеткерлік жасын төмендету мүмкіндігін мойындағаны туралы хабарлауына байланысты зейнетақы заң жобасының  жетілуіне  күннен күнге өсіп келе жатқан алаңдаушылық аясында 2,4%-ға (3,78-ден  3,87-ге дейін)  әлсіреді.

[1]  шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды

[2] 8 наурыз – Қазақстанда демалыс күні

[3] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz