Публикации, отчеты, интервью

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын және Үкіметтің фискалдық саясатын үйлестіру, сондай-ақ банк жүйесін қалыпқа келтіру мәселелерін шешу макроэкономикалық тұрақтылықты ағымдағы жағдайларда қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Бұл туралы ҚР Парламентінің Мәжілісінде баяндамамен сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Оның айтуынша «таяу жылдарға арналған макроэкономикалық өлшемдер оң тұрғыдан қаралып, Үкіметпен бірлесіп пысықталды». «2017 жылы елеулі сыртқы күйзеліс болмауға тиіс. Мұнай бағасы бір баррель үшін 40 – 60 доллар аралығында болса, бәрі де дұрыс болады. Үкіметтің 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезіндегі болжамы Қазақстан экономикасының ауқымды беріктік қоры бар екенін көрсетіп отыр», – деп хабарлады Д. Ақышев.

Бүгін ҚР Парламентінде «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланғанын атап өтеміз. Өз кезегінде, ҚРҰБ басшысы Ұлттық Банктің «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасындағы өлшемдерді қолдайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz