Қазақстан Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында «зерттеулер» бөлімінде «Қазақстандағы инфляциялық процестерге экономиканы несиелендірудің әсерін бағалау» экономикалық зерттеуін жариялады.
Негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын инфляциялық таргеттеу саясатын ұстанатын орталық банктер үшін несие көлемінің елдегі инфляциялық процестерге әсері маңызды сұрақ болып есептеледі.
Бұл зерттеу жұмысында несие көлемінің тұтыну қоржынындағы әр түрлі тауар топтарының бағасына әсері нәтижесі көрсетілген.