Қымбатты достар!
ҚР халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі 2018 жылы «TengeLAND» және «Profinance.web» тележобаларын іске асырды.
«TengeLAND» телевизиялық бағдарламасы орта мектеп жасындағы балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында әзірленді. Бағдарлама жүргізушілері қызықты түрде өз капиталыңды қалай дұрыс жинақтап, көбейтуге болатыны туралы айтып береді. Жоба барысында сондай-ақ қаржы секторының барынша өзекті тақырыптары мен мәселелері қарастырылады.
Балаларға ақшаны дұрыс жұмсау, үнемдеу және оңтайлы тұтыну дағдылары үйретіледі.
«Profinance.WEB» тележобасы танымал вебинар форматында жасалған. Бағдарламаға банктік, сақтандыру, қор және басқа нарықтардың сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің мамандары қатысты.
«Profinance.WEB» ең өзекті қаржылық мәселелерді жария етеді: дұрыс қаржы шешімін қалай қабылдауға болады, қаражатты жоғалтпай, оны қалай көбейтуге болады, зейнетақыны ойластыру, қор нарығында ақша табу, негізгі тәуекелдерді сақтандыру және әрқашан қаржылық әл-ауқатты болу.
Бағдарламалардың барлық шығарылымдары мемлекеттік тілде және орыс тілінде қолжетімді.
Бейнематериалдар мынадай сілтеме бойынша қолжетімді: Profinance.WEB, TengeLAND.