Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

1 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,2%-ға нығайып (376,73-тен), 375,9 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 22 ақпаннан 1 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  АҚШ-тың ФРЖ  Төрағасы Дж.Пауэллдің АҚШ Конгрессіндегі сөз сөйлеуі, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың аясында геосаяси тәуекелдердің өсуі, АҚШ ІЖӨ-нің 2018 жылғы 4-тоқсанда талдаушылардың күтулерінен жоғары өсуі, егер Парламент депутаттары Т.Мэйдің келісіміне қарсы дауыс берген және ЕО-дан «қатаң» шыққан жағдайда Ұлыбритания Премьер-Министрінің Брекситті кейінге қалдыру туралы ұсынысы, екі елдің көшбасшылары саммитіне Қытаймен сауда-саттық келісімінің мәтінін әзірлеу туралы  хабарлама, Қытаймен іскери белсенділік жөніндегі жағымды деректерді жария ету болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Үндістан рупиясы  екі ел арасындағы қақтығысты де-экскалациялау мақсатында Пәкістанның үнділік пилотты босату аясында 0,3%-ға (71,14-тен 70,91-ге дейін) нығайды; 
  • Индонезия  рупиясы  капиталдың қор нарығынан әкетілуі аясында 0,4% -ға (14 058-ден 14 120-ға дейін) әлсіреді; 
  • Мексика песосы  желтоқсанда бөлшек сатылымның төмендеуі (болжам +2,7% г/г болғанда  -1,3% г/г) туралы жарияланымның,  S&P рейтингтік  агенттігінің елдің тәуелсіз рейтингін теріс тұрақтыға дейін төмендету туралы шешімінің, ОБ-нің экономикалық өсуді 1,1-2,1%-ға дейін (алдыңғы болжам 1,7-2,7%) төмендету аясында 0,7%-ға (19,14-тен 19,27-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі  АҚШ заң шығарушыларының қарауына енгізілген РФ-ға қарсы санкциялар туралы заң жобасының мәтінін жария ету аясында  0,8%-ға  (66,38-ден 65,92-ге дейін) әлсіреді; 
  • Бразилия реалы 2018 жылғы 4-тоқсанда ІЖӨ өсуінің баяулауы туралы деректердің шығуы  аясында 0,8%-ға (3,75-тен  3,78-ге дейін)  әлсіреді.
  • Түрік лирасы инвесторлардың ОБ-нің неғұрлым жұмсақ ақша-кредит саясатына көшуі жөнінде қауіптенуі аясында  0,9%-ға (5,32-ден  5,37-ге дейін)  әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды  көлік құралдары мен жабдықтар экспортының төмендеуіне байланысты қаңтарда елдегі сауда-саттық тапшылығының ұлғаюы аясында   1,6%-ға (14,00-ден 14,23-ке  дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі

Цифрлық қауіп-қатерлердің өсуі және дербес деректердің жария болуы заманында Қазақстанда киберқауіпсіздікті арттырудың жаңа құралы — eGov Mobile қосымшасындағы Nomad guard сервисі пайда болды.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz