№ 6 баспасөз релизі

№ 6 баспасөз релизі

1. 2019 жылғы қаңтардағы инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылғы қаңтарда инфляция 0,5% (2018 жылғы қаңтарда  – 0,6%) болды. 

Жылдық инфляция 5,2% деңгейде қалыптасты және 2019 жылдың соңында Ұлттық Банктің 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 5,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызмет көрсету – тиісінше, 6,4%-ға және 3,4%-ға өсті.

2019 жылғы қаңтарда халықтың инфляциялық күтулері төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы бүкіл пікіртерім кезеңі үшін ең аз шамаға қол жеткізіп, 4,7% болды.

2. 2019 жылғы қаңтардағы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2019 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 30,6 млрд АҚШ долларына дейін 1,1%-ға немесе 334,7 млн АҚШ долларына төмендеді.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,2 млрд АҚШ долл) қоса алғанда, 2019 жылғы қаңтардың соңында 88,8 млрд АҚШ долл болды.

Банктердің және басқа да ұйымдардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарының төмендеуі, Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен бейтараптандырылды.

Ақша базасы 2019 жылғы қаңтарда 5,0%-ға кеңейді және 6 984,0 млрд теңге  болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7 596,7 млрд теңгеге дейін 5,3%-ға кеңейді.

2019 жылғы қаңтарда ақша массасы алдын ала деректер бойынша 2,9%-ға ұлғайып, 21 412,1 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 2 170,0 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға төмендеді.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2019 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%-дық[1] дәлізбен жылдық 9,25% деңгейінде сақталды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. 2019 жылғы қаңтардың соңында айналыстағы ноттардың көлемі жылдың басынан бастап 8,6%-ға ұлғайып, 3 823,8 млрд теңгені  құрады.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы қаңтарда 7 824,3 млрд теңге болды. 27 аукцион, оның ішінде 7 027,8 млрд теңге сомаға 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 20 аукцион, 635,4 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион, 52 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион, 63,0 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 46,1 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өткізілді.

Ұлттық Банктің  қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2019 жылғы қаңтарда 7 671,3 млрд теңгені құрады.

Орташа алынған кірістілік орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша 8,82%, 1 айлық ноттар бойынша – 8,85%, 3 айлық ноттар бойынша  – 8,82%, 6 айлық ноттар бойынша – 8,90% және 1 жылдық ноттар бойынша – 9,03% болды.

Тұрақты қолжетімді ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы  қаңтардың соңында Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 258,7 млрд теңге, Ұлттық Банктегі банктік  депозиттер көлемі 502,8 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) ашық нарықтағы операциялар бойынша және тұрақты қолжетімді құралдар бойынша бір айда 284,8 млрд теңгеге ұлғайды және 2019 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша 3,3 трлн теңге болды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[2]  2019 жылғы  қаңтарда Ұлттық Банктің басым түрде базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты. Қаңтарда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,26% (2018 жылғы желтоқсанда – 8,35%) болды. 

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2019 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 115,9 млрд теңгеге мемлекеттік  бағалы  қағаздарды орналастыруды жүзеге асырды. 4 аукцион өткізілді, оларда 13 жылдық, 15 жылдық, 18 жылдық және 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,60% – 8,82% аралығында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕУКАМ) орналастыру нәтижесінде 2019 жылғы қаңтардың соңында 7 330 млрд теңгеге дейін (2018 жылғы желтоқсанның соңындағы көлеммен салыстырғанда 1,6%-ға) ұлғайды.

2019 жылғы қаңтарда кірістілік қисығы неғұрлым ұзақ мерзімді құралдардың кірістілігімен салыстырғанда қысқа мерзімді қазынашылық облигациялардың ұлғаюы нәтижесінде инверсиялық қалыпты сақтады. Сонымен қатар, кірістілік қисығы жоғары қарай ығысты, бұл құралдардың барлық түрі бойынша кірістіліктердің көтерілгенін растайды.

4. 2019 жылғы қаңтардағы валюта нарығы

2019 жылғы қаңтарда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 373,66-381,38 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы қаңтардың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,1%-ға  нығайып, бір АҚШ доллары үшін 380,06  теңге болды.

KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,3 млрд АҚШ доллары (бір айда 5,3%-ға ұлғаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,0 млрд АҚШ доллары (28,1%-ға азаю), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,3 млрд АҚШ доллары (15,9%-ға ұлғаю) болды.  Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 15,0%-ға ұлғайып, 7,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың  жалпы көлемінен үлесі 69,6%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда 70,1%). Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2019 жылғы қаңтарда халық нетто-негізде 142,8 млрд  теңгеге барабар сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын  – 66,4% немесе 94,8 млрд теңге, Ресей рублін – 22,8% немесе 32,5 млрд теңге, еуро – 10,4% немесе 14,9 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 36,1%-ға азайды (2018 жылғы тамыздың  ең  жоғары  мәнімен салыстырғанда – төмендеу  2,4 есе), бұл халықтың шетел валютасына деген маусымдық сұранысының азаюына байланысты болды. Валюта түрлеріне бөлгенде Ресей рублін сатып алуға шығыстар – 53,2%-ға, еуро – 39,4%-ға, АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 26,4%-ға азайды.

5. 2019 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2019 жылғы қаңтардың соңында алдыңғы аймен  салыстырғанда 3,7%-ға  ұлғая  отырып, 19 242,1 млрд теңгені  құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 717,4 млрд теңгеге дейін 8,3%-ға өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 8 524,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға  төмендеді.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 10 706,2  млрд теңгеге дейін 11,9%-ға өсті, шетел валютасында 8 535,9 млрд теңгеге дейін 5,0%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы қаңтардың соңында 44,4%-ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы қаңтарда 6 095,6 млрд теңгеге дейін 21,5%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 621,8 млрд теңгеге дейін 15,3%-ға азайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 43,1%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 610,7 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға  ұлғайды, шетел валютасында 3 914,0 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға азайды (жеке тұлғалардың депозиттерінің  45,9%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 4,3%-ға қысқарып, 12 033,1 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 464,0 млрд теңгені, шетел валютасымен  – 5 569,1 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1%-ды (2018 жылғы желтоқсанда да 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша  – 10,2%-ды  (10,4%)құрады.

6. 2019 жылғы қаңтардың  соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы қаңтардың соңында 12 470 млрд теңгені құрады (бір айда 4,7%-ға төмендеу). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 150,9  млрд теңгеге дейін 8,2%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі  5 319,1 млрд теңгеге дейін 0,3 %-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі  11,4 %-ды немесе 1,2 трлн. теңгені  құрайды.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 899,5 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,5%-ға азайды,  ал  жеке тұлғаларға кредиттер 0,5 %-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 570,5 млрд теңгеге дейін 14,2%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 14,7%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 6,4%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы қаңтардың соңында 79,4%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 582,7 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға азайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 887,3 млрд теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 7,5%-ға (2 185,9 млрд теңгеге дейін немесе экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,5%) азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,6%), сауда (13,4%), құрылыс (5,9%), көлік (4,0%) және ауыл шаруашылығы (1,8%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,4% (2018 жылғы желтоқсанда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 18,4% (17,2%) болды.

7. 2018 жылғы төлем жүйелері

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 20 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері жұмыс істейді.

2019 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 83,5 трлн теңге сомаға
2,9 млн транзакция жүргізілді (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда төлемдердің саны мен сомасы тиісінше 5,5%-ға және 15,7%-ға ұлғайды). Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 4,2 трлн теңге сомаға 146,4 мың транзакция жүргізілді.

2019 жылғы қаңтарда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының көлемі 1,9 трлн теңге сомаға 95,4 млн транзакцияны құрады (2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда транзакциялардың саны екі есеге ұлғайды, сомасы 55,3%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер санының үлесі 69,7%-ға дейін (2018 жылғы қаңтарда – 61,8%) өсті, қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 35,7%-ға дейін (28,3%) ұлғайды.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 23,7 млн бірлік болды. 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 10,9 мың банкомат, 137,0 мың POS-терминал. 2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 83,8 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді.

2019 жылғы қаңтарда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 40,2 млрд теңге сомаға 0,2 млн аударымды құрады. 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 1,4%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен  транзакциялардың жалпы санынан 96,4% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 94,3% (37,9 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 3,6% (0,01 млн транзакция) және жалпы сомасынан 5,7% (2,3 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 28,7 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2019 жылғы қаңтардағы банк секторы

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылғы 1 ақпанда 25 213,6 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бері азаю 0,1%) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,2%, бағалы қағаздар портфеліне – 20,8%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 13,6% тиесілі. 

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 068,2 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,1%-ын құрады. 

Несие портфелі бойынша провизиялар 1 887,6 млрд теңге немесе несие портфелінің 14,4%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 22 093,7 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап 0,6%-ға азаю) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,1%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 7,6%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 4,0%-ды иеленеді. 

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2019 жылдың басымен салыстырғанда   6,24%-дан 3,22%-ға дейін немесе 1 328,0 млрд теңгеге төмендеді.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы қаңтарда 3,2%-ға ұлғайып, 3 119,9 млрд теңге болды. 

Таза пайда (табыс салығын төлегеннен кейін ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан асуы) 104,7 млрд теңгені құрады.   

Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тиісінше 5,0% және 3,9% болды.

9. 2019 жылғы қаңтардағы сақтандыру секторы 

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 28 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 ақпанда 1080,0 млрд теңге (жылдың басынан бері 3,0%-ға өсті) болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 608,9 млрд теңгеге дейін 4,9%-ға ұлғайды.   

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 548,4 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға өсті.    

Меншікті капитал 471,1 млрд теңге (жыл басынан бері 0,6%-ға өсті) болды.

Сақтандыру сыйлықақылары 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2018 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 64,5 млрд теңгеге дейін 40,8%-ға ұлғайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 58,6 млрд теңге болды.

2019 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,6 млрд теңгеге дейін 82,4%-ға ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2018 жылғы 1 ақпандағы 10,3%-бен салыстырғанда 13,3% болды. 

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 18,5 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 28,7%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 17,5%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.  

2019 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі  (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 6,3 млрд теңге болды, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 19,6%-ға көп. 

10. 2019 жылғы қаңтардағы зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтарда 54,7 млрд теңгеге (0,6%) ұлғайып, 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 9 432,4 млрд теңгені құрады.  

2019 жылғы 1 ақпанда 3 707,4 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2019 жылғы қаңтарда 15,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы 1 ақпанда 9,9 млн шотты құрады.

2019 жылғы қаңтарда зейнетақы төлемдерінің сомасы 31,5 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі, бұрынғыша, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 43,3%-ы және 29,2%-ы) тиесілі.

11. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізілген 2018 жылғы 4-тоқсандағы мониторинг нәтижелері туралы

Экономиканың нақты секторындағы 2018 жылғы 4-тоқсандағы ахуалды бағалау мақсатында 2019 жылғы қаңтарда кәсіпорындарға кезекті мониторинг жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын көрсететін мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 3 150 болды, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындар – 1 565. Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері экономиканың нақты секторындағы оң үрдістердің сақталуын көрсетіп отыр, олар алдыңғы тоқсанда да байқалды.

2018 жылғы 4-тоқсанда жалпы алғанда нақты сектор бойынша дайын өнімге сұраныс  ұлғайды, диффузиялық индекс (ДИ) 51,9 болды. Тауар өндіру секторында сұраныс (ДИ=53,0) қызмет көрсету секторына қарағанда жоғары деңгейде қалыптасты, қызмет көрсету секторында ол іс жүзінде өзгерген жоқ (ДИ=50,8). Дайын өнімге бағаның өсу қарқыны өткен тоқсанмен салыстырғанда аздап төмендеді (ДИ 57,0-ден 56,3-ке дейін төмендеді), сондай-ақ  шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқынының баяулағаны байқалды (ДИ=73,3-тен 72,0-ге дейін төмендеді).

2019 жылғы 1-тоқсанда кәсіпорындардың күтулері бойынша дайын өнімге сұраныстың өсуі (ДИ=56,8) өсуде, ал дайын өнім бағасының өсу қарқыны өзгеріссіз қалды (ДИ=56,3). Шикізат пен материалдардың бағасы өсу қарқынының шамалы төмендеуіне қарамастан қалыпты жоғары деңгейде қалады (ДИ= 66,5).

2018 жылғы 4-тоқсанда инвестициялық белсенділік айтарлықтай өзгерген жоқ.  Көптеген кәсіпорын меншікті қаражат есебінен негізгі және айналым қаражатын қаржыландырады (тиісінше 65,2% және 83,0%). Негізгі құрал-жабдықтарды қаржыландыру үшін банктік қарыздарды пікіртерім жасалған кәсіпорындардың 6,8%-ы, айналым қаражатын қаржыландыру үшін кәсіпорындардың 15,7%-ы пайдаланды.

Кредит және бұрын ашылған кредит желісі арқылы кезекті транш алған кәсіпорындардың үлесі 2018 жылғы 3-тоқсандағы 17,7%-дан 2018 жылғы 4-тоқсанда 18,1%-ға шамалы ұлғайды. Банктердің кредиттері бойынша мерзімі өткен (90 күннен астам) берешегі бар кәсіпорындардың үлесі 2,7%-ды құрады. 2019 жылғы 1-тоқсанда кредит алу үшін 15,6% кәсіпорынның өтініш беруге ниеті бар.

Теңгемен (13,1%-дан 12,8%-ға дейін), сол сияқты шетел валютасымен (7,3%-дан 6,7%-ға дейін) кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме деңгейі төмендеді.


[1] Бірмезгілде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ұқсас деңгейде (9,25%) сақталды.

[2] Биржада МБҚ-мен автоматты РЕПО секторында жасалған, РЕПО-ны мерзімі бір жұмыс күніне ашу  мәмілелері  бойынша  орташа алынған пайыздық мөлшерлеме

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі

Цифрлық қауіп-қатерлердің өсуі және дербес деректердің жария болуы заманында Қазақстанда киберқауіпсіздікті арттырудың жаңа құралы — eGov Mobile қосымшасындағы Nomad guard сервисі пайда болды.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz