Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

22 ақпандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,2%-ға нығайып (377,62-ден), 376,73 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 15 ақпаннан 22 ақпан аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар ҚХР мен АҚШ арасында келіссөздердің жалғасуы, оның барысында тараптар айтарлықтай алға басты, оның ішінде Қытайдың валюталық саясаты мәселелерінде белгілі жетістіктерге жетті, Д.Трамптың Қытай тауарларына баждар енгізу мерзімін ұзарту туралы және ҚХР Президентімен саммит өткізу жоспарлары туралы мәлімдемесі, АҚШ-тың ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің қаңтардағы отырысының хаттамасын жария ету,  2019 жылғы қаңтарда АҚШ-тағы өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі туралы деректердің шығуы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Ресей рублі  желтоқсандық келісім мен Америка-Қытай келіссөздерінің дамуы аясында ОПЕК+ елдерінің өндіруді қысқарту туралы хабарларға байланысты  мұнай бағасының өсуі аясында 1,4% -ға (66,33-тен 65,38-ге дейін) нығайды; 
  • Индонезия  рупиясы  ОБ-нің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз  деңгейде сақтап тұру туралы шешімінің және ҚХР мен АҚШ арасында сауда-саттық келіссөздерге қатысты нық сенімнің аясында 0,7% -ға (14 154-тен 14 058-ге дейін) нығайды; 
  • Мексика песосы  инвесторлардың тәуекел–сентиментінің жалпы жақсаруы аясында 0,6%-ға  (19,25-тен  19,14-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды  ел Үкіметінің бюджет шығыстарының шегін ұлғайту туралы жария етуіне қарамастан елдің фискалдық саясатына сенімнің өзгеріссіз қалуы туралы Moody’s  есебінің аясында  0,6%-ға (14,08-ден 14,00-ге дейін) нығайды;
  • Үндістан рупиясы мұнай бағасының өсуі мен Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери қақтығысқа қарамастан АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық келіссөздерінің дамуы туралы хабарлардың аясында 0,1%-ға (71,23-тен 71,14-ке дейін) нығайды;
  • Түрік лирасы кредиттеуді ынталандыруға арналған шаралар ретінде ОБ-нің кредиторлардың резервтері бойынша талабын жеңілдету туралы шешімі аясында  0,8%-ға (5,28-ден  5,32-ге дейін)  әлсіреді;
  • Бразилия реалы бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған зейнетақы реформасы жобасының Конгрессте қаралауы ұзаққа созылуы туралы хабардың аясында 1,4%-ға  (3,70-тен 3,75-ке дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі

Цифрлық қауіп-қатерлердің өсуі және дербес деректердің жария болуы заманында Қазақстанда киберқауіпсіздікті арттырудың жаңа құралы — eGov Mobile қосымшасындағы Nomad guard сервисі пайда болды.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz