Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесуге қатысты.

Іс-шараға Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер, Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Йорн Розенберг, сондай-ақ неміс компанияларының және неміс банктерінің Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Д.Ақышев Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттері, қаржы секторындағы ағымдағы ахуал, сондай-ақ банк секторындағы ахуал туралы айтып берді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы кездесуге қатысушыларға 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және либералды валюталық режимнің барлық қағидаттарының сақталуын көздейтін жаңа «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жайында айтып берді. 

Соңында Д.Ақышев мұндай кездесулердің маңызды екенін және шетелдік бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогқа қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі

Цифрлық қауіп-қатерлердің өсуі және дербес деректердің жария болуы заманында Қазақстанда киберқауіпсіздікті арттырудың жаңа құралы — eGov Mobile қосымшасындағы Nomad guard сервисі пайда болды.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz