Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі – банк) «Астана Банкі» АҚ-тың клиенттеріне 35,2 млрд теңгеге жуық сомаға кепілді өтемақы төледі, бұл «Астана Банкі» АҚ-тың салымшылары алдындағы 37,5 млрд теңгеге тең міндеттемелерінің жалпы сомасынан 93,7%-ды құрайды.

Ақы төлеу 2019 жылғы 26 қаңтарда басталды, осы уақытта банк «Астана Банкі» АҚ-тың 41 866 клиентіне қызмет көрсетті. Бір салымшыға қызмет көрсетудің орташа уақыты 5 – 15 минут аралығында болды.

Бұдан басқа, 3211 клиент төлем картасына қашықтан тапсырыс беру мүмкіндігін таңдады, оларға шамамен 2,1 млрд теңге есептелді.

«Астана Банкі» АҚ клиенттері ағынының айтарлықтай азаюына байланысты банк Қазақстанның ірі қалаларында «Астана Банкі» салымшыларына арналған 9 арнайы ақы төлеу орталығын жапты.

Өтемақы төлеу бөлімшелердің жұмыс режиміне сәйкес банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерінде 2019 жылғы 26 шілдеге дейін жалғасады.

Банктің веб-сайтында - eubank.kz – онлайн режимде бөлімшелерде кезекте күтіп тұрған клиенттердің санын қарауға болады, сондай-ақ төленуге тиіс кепілді өтемақы сомасын тексеруге болады.

Өтемақы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан – жинақталған сыйақыны ескере отырып «Астана Банкі» АҚ клиенттерінің салымдары, ағымдағы шоттары және төлем карточкалары бойынша төленеді.

2019 жылғы 26 шілдеден кейін агент банктің бөлімшелеріне жүгінбеген салымшылардың өтемақы төлеу туралы өтінішті тікелей Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына беріп, өтемақыны қолма-қол емес аударым арқылы алуға мүмкіндігі болады.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі

Цифрлық қауіп-қатерлердің өсуі және дербес деректердің жария болуы заманында Қазақстанда киберқауіпсіздікті арттырудың жаңа құралы — eGov Mobile қосымшасындағы Nomad guard сервисі пайда болды.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz