Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

15 ақпандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,3%-ға нығайып (378,73-тен), 377,62 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 8 ақпаннан 15 ақпан аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар ҚХР мен АҚШ арасында келіссөздер жүргізу, АҚШ бюджетінің жобасын Конгресстің қос палатасы мен Президенттің бекітуі, талдаушылардың күтулерінің аясында  2019 жылғы қаңтарда АҚШ-тағы инфляцияның баяулауы, соңғы 9 жыл ішінде ең жоғары қарқынмен АҚШ-тағы бөлшек сауданың желтоқсанда құлдырауы, еуроаймақтағы өнеркәсіптік өндірістің баяулауы,  ЕО-мен келіссөздер бойынша оның стратегиясына қатысты Қауымдар Палатасында дауыс беруде Тереза Мэйдің   жеңiлiске ұшырауы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Бразилия реалы зейнетақы реформасының тетіктерін жария ету аясында 0,8%-ға (3,73-тен 3,70-ке дейін) нығайды: Үкімет ең төменгі зейнетақы жасын – әйелдерге 62 жас, ерлерге 65 жас белгілеуді ұсынды. Ұсынысты Конгресс 20 ақпанда қарайды;
  • Үндістан рупиясы шетелдік капиталдың әкелінуі  аясында бір АҚШ доллары үшін  71,31 рупийден 71,23 рупийге дейін біраз нығайды  (Axis Bank-тің үлесін сату,    Vodafone-нің Үндістандағы филиалға инвестициялары). Коммерция және индустрия министрлігі мұнай бағасының өсуі аясында сауда тапшылығының талдаушылардың $13,6 млрд болжамынан қаңтарда  $14.7 млрд дейін өсуі туралы мәлімдеді;
  • Түрік лирасы нарықтарда сентименттің нашарлауына байланысты АҚШ долларының жалпы нығаюы, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі туралы статистиканы жариялау және ағымдағы шот теңгерімінің 4 ай ішінде алғашқы рет теріс аймаққа ауысуы  аясында   0,6%-ға (5,25-тен  5,28-ге дейін) әлсіреді;
  •  Мексика песосы  өнеркәсіптік өндірістің  желтоқсанда 2,5%г/г құлдырауы (болжамға қарағанда (-)1,6%) аясында 0,9%-ға (19,08-ден 19,25-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия  рупиясы  сауда балансы тапшылығының талдаушылардың күтулерінен де нашар қаңтар айында өсуі туралы статистиканы жариялау аясында 1,4%-ға (13 955-тен 14 154-ке дейін) әлсіреді; 
  • Ресей рублі  АҚШ Конгрессіне РФ-ға қарсы санкциялар туралы заң жобасын енгізумен байланысты геосаяси тәуекелдердің өсуі аясында 1,4%-ға (65,44-тен 66,33-ке дейін) әлсіреді; 
  • Оңтүстік Африка ранды  жұмыс орындарының қысқаруына қарсы жалпыұлттық наразылық білдіру аясында 3,4%-ға (13,62-ден 14,08-ге дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі

Цифрлық қауіп-қатерлердің өсуі және дербес деректердің жария болуы заманында Қазақстанда киберқауіпсіздікті арттырудың жаңа құралы — eGov Mobile қосымшасындағы Nomad guard сервисі пайда болды.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz