8 ақпандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1,0%-ға нығайып (382,74-тен) 378,73 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 1 ақпаннан 8 ақпан аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Австралия мен Ұлыбританияның ОБ-нің негізгі мөлшерлемелер деңгейлерін сақтап қалу туралы шешімдері, АҚШ-тың сауда балансы тапшылығының 2018 жылғы қарашада төмендеуі туралы статистиканы жариялау, АҚШ пен ҚХР көшбасшыларының 1 наурыздағы кездесулерінің өту күмәнділігі туралы, сондай-ақ таяу уақытта елдер арасында сауда-саттық мәміле жасасудың екіталай болуы туралы хабар, ІЖӨ-нің 2019 жылы еуроаймақта (1,3%-дан 1,9%-ға дейін), Австралияда (2,5%-дан 3,25%-ға дейін) және Англияда (1,2%дан 1,7%-ға дейін) өсуі болжамының төмендеуі, ЕО-да Брексит бойынша келісім жобасы жөнінде келіссөздер өткізу болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Мексика песосы 0,2%-ға (19,11-ден 19,08-ге дейін) нығайды. ОБ негізгі мөлшерлемені 8,25%-дық деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады, инфляция қарқыны қаңтарда баяулады.
- Ресей рублі Moody’s агенттігінің Ресейдің кредиттік рейтингін инвестициялық деңгейге дейін көтеруі аясында 0,1%-ға (65,48-ден 65,44-ке дейін) нығайды. Ресейдің ОБ негізгі мөлшерлеменің деңгейін өзгеріссіз сақтап қалды;
- Индонезия рупиясы ағымдағы шот тапшылығын 2018 жылы ІЖӨ-нің 2,98%-на дейін кеңейту туралы статистиканы жариялау аясында 0,1%-ға (13 948-ден 13 955-ке дейін) әлсіреді;
- Үндістан рупиясы талдаушылардың негізгі мөлшерлеменің өзгермейтін деңгейде сақталуы туралы күтулеріне қарамастан оның 6,25%-ға дейін төмендеуі (6,5%-дан) аясында бір АҚШ доллары үшін 71,26 рупийден 71,26 рупийге дейін біраз әлсіреді;
- Түрік лирасы сауда-саттық келіссөздерге қатысты қауіптенуге және 2019 жылы еуроаймақтағы экономиканың өсуінің баялауына байланысты АҚШ долларының жалпы нығаюы аясында 0,8%-ға (5,21-ден 5,25-ке дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы ОБ-нің негізгі мөлшерлемені 6,5%-дық деңгейде сақтап тұру туралы шешімінің және қаңтарда инфляция қарқыны өсуінің талдаушылардың күтулерінен төмен болуы аясында 1,9%-ға ( 3,66-дан 3,73-ке дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды ОАР Президенті Сирил Рамафостың ұлтына үндеумен шығуы мен оның Эском мемлекеттік энергетикалық компанияны құтқару бойынша жоспарына қатысты сынның аясында 2,3%-ға (13,32 –ден 13,62-ге дейін) әлсіреді.
[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.