Қазақстан Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында «зерттеулер» бөлімінде «Қазақстандағы экономикалық өсуге инвестициялардың ықпалын эмпирикалық бағалау» экономикалық зерттеуін жариялады.
Осы зерттеу шегінде шетелдік және ішкі инвестициялардың елдің экономикалық өсуіне салымы бағаланып, сондай-ақ шетелдік және ішкі инвестициялардың бір-біріне өзара ықпалы талданды.
Бұндай бағалау үшін әлемде кеңінен пайдаланатын VAR әдісі пайдаланылды, ал атап айтқанда панельдік векторлық авторегрессия моделі.
Зерттеу нәтижелерімен сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады.
