Қазақстан Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында «зерттеулер» бөлімінде «Қазақстандағы тұтынушылық сұранысқа факторлардың ықпалы: эмпирикалық бағалау» экономикалық зерттеуін жариялады.
Осы жұмыс шеңберінде экономикалық белсенділіктің динамикасына әсер ететін маңызды фактор – тұтынушылық сұранысқа макроэкономикалық айнымалылардың әсерін сандық бағалауы жүргізілген. Экономиканың түрлі секторларын қамтитын макроэкономикалық айнымалылардың кең ауқымы қарастырылды: нақты сектор көрсеткіштері, қаржы көрсеткіштері, демографиялық көрсеткіштер және еңбек нарығының көрсеткіштері, өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері, баға көрсеткіштері, бюджеттік сектор көрсеткіштері және сыртқы сектор көрсеткіштері.
Макроэкономикалық айнымалылардың тұтынушылық сұранысқа ықпалын сандық бағалау авторегрессияның векторлық моделінің (VAR) көмегімен құрылған импульстік әсерді талдау негізінде орындалды
Зерттеу нәтижелерімен сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады.