Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша МҚҰ[1] жиі жол беретін микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.
МҚҰ-ға қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 17 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:
- айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде 4 санкция ( «Финансовый магазин» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Тұмар» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «СЕНІМ –VMY» микроқаржы ұйымы» ЖШС);
- жазбаша ұйғарым түріндегі 13 шектеулі ықпал ету шарасы («Finbox» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «ҚазАқша» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «СЕНІМ –VMY» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Комфорт Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «FinansInvest» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Кредит - регион» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «ALHalal Finance» МҚҰ» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Сенат 2050» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Батыс Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС).
Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ-да:
- Микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болмауына («ҚазАқша» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «СЕНІМ –VMY» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Комфорт Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Сенат 2050» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Батыс Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Казкредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Береке» МҚҰ» ЖШС);
- тоқсандық есептілікті уақытылы тапсырмауға - («ALHalal Finance» МҚҰ» ЖШС);
- шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы Ұлттық Банк жүктеген міндеттерді орындамауға («Тұмар» микроқаржы ұйымы» ЖШС);
- микрокредит беру туралы шарттарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуге («Finbox» микроқаржы ұйымы» ЖШС) байланысты бұзушылықтарға жол берілгендігін көрсетті.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сол немесе өзге де микроқаржы ұйымдары көрсететін қызметтердің тиімділігі мен сапасын шолу және дербес айқындау үшін Ұлттық Банк МҚҰ-на қабылданған шаралар туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Қаржылық сауаттылықты арттыру және МҚҰ-ның қазіргі, сол сияқты әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк төмендегілер туралы хабарлайды.
Микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылатын міндетті талаптарға қатысты.
Кодекстің[2] 383-бабының 1-тармағына сәйкес шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.
Заңның[3] 4-бабының 3-тармағына сәйкес микрокредит беру туралы шартта:
1) МҚҰ-ың атауы мен қарыз алушы - жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы - заңды тұлғаның атауы;
2) берiлген микрокредит сомасы;
2-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері;
3) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi;
4) микрокредиттi өтеу тәсiлi (қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз тәртіппен, бiржолғы не бөліп-бөліп);
5) микрокредиттi өтеу әдiсi: аннуитеттік немесе сараланған не микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес басқа да әдіс;
5-1) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;
5-2) негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;
6) микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары көрсетіле отырып, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі микрокредиттің және сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы шарттың екі тарабы да қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
7) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол бар болса) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
8) микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері, оның ішінде жылдық сыйақы мөлшерлемесінің және осы Заңның 5-бабында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құны) мөлшері;
8-1) микрокредит беру туралы шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері;
9) тараптардың жауапкершілігі;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптар қамтылады.
Берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейін өндіріп алуға беру кезінде МҚҰ-ның:
біріншіден, берешекті өндіріп алу туралы сотқа талап қойып жүгінуге;
екіншіден, берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есептелген сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ көрсетілген кезеңде негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқығы жоқ.
Заңның 4-бабының 4-1-тармағына сәйкес микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.
Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеледі.
Микрокредит беру туралы шарттарда Заңның 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 5-2), 8) тармақшаларында және 4-тармағының 4-тармағында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап аталған дәйектілікпен көрсетіледі.
МҚҰ-ның микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар және өзге төлемдер алуына қатысты
Заңның 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес микрокредит беру туралы шартта микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері қамтылады.
2016 жылы 1 шілдеде ЖТСМ есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі[4] қабылданды.
Осылайша, МҚҰ жеке тұлғалармен 2016 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша Тізбеде көзделген комиссияларды ғана шарттарда белгілеуге және оларды алуға құқылы.
Микрокредиттер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшеріне қатысты
МҚҰ туралы заңның 5-бабында микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, бар болса - комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болып табылады деп белгіленген.
Бұл ретте, №377 қаулыда[5] ЖТСМ-нің шекті мөлшері бекітілген, ол микрокредит беру туралы шартты жасау, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) микрокредитті берумен және қызмет көрсетумен байланысты өзгерту немесе жаңа комиссиялар мен өзге төлемдер енгізу күні 56 (елу алты) пайыздан аспауға тиіс.
МҚҰ туралы заңда белгіленген шекті мөлшерден асатын сомаға микрокредит беруге қатысты.
Заңның 3-бабына сәйкес МҚҰ бір қарыз алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.
2018 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2 405 теңге мөлшерінде белгіленген.
Заңның 1-бабының 7) тармақшасына сәйкес микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға екендігін атап өткен жөн.
Заңның 14-бабының 5-тармағына сәйкес есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның Интернет-ресурсында орналастырылады.
Микроқаржы ұйымдарының тізілімімен Сіз Ұлттық Банктің ресми сайтынан мекенжайы бойынша таныса аласыз: Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі → Рұқсаттар → Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу.
Бұл ретте Ұлттық Банк өзін микроқаржы ұйымы деп атайтын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасағанға дейін осы ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгендігіне көз жеткізу керек екендігін ұсынады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың назарын Сіздердің құқықтарыңыз бұзылса, онда мынадай мекенжайға:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
- жазбаша түрде мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz;
- құқықтық көмек алу үшін мына Ұлттық Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесіне мына: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша, анықтама үшін телефон нөмірі 7(727)2619213, 7(727) 2788104, ішкі 5573;
- Ұлттық Банктің филиалдарына (Ұлттық Банктің сайтында Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (https://nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh);
- қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен қарыз алушы жеке тұлға арасында жасалған ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына шағымдануға құқықтарыңыздың бар екендігіне аударамыз.
Банк омбудсманының деректемелері:
050000, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175, 302-офис
Телефондар: +7 (727) 261-22-16, +7 (727) 983-30-16, +7 (708) 983-30-16,
Тел/факс: 7(727) 2500 344
е-mail: office@bank-ombudsman.kz
[1] Микроқаржы ұйымдары
[2] Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
[3] «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
[4] «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы
[5] «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» ҚР ҰБ Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы