Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

26 желтоқсанда Алматы қаласының Оқушылар сарайында  «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық балалар газеттерінің, «Ойла» балалар ғылыми-танымдық журналы конкурстарының жеңімпаздарын және «ТенгеLand» телевизиялық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Жыл бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттерінде «Теңгегүл мен оның достарының бастан кешкендері» деген арнайы қосымшаны оқыды. Әр шығарылымында олар қаржыны басқару, бюджетті жоспарлау, банкпен шартты дұрыс жасау және қаржылық сауаттылық жөнінде тағы басқа да көптеген пайдалы ақпарат туралы біліп отырды. Әр шығарылымның соңында айтарлықтай күрделі тапсырма беріліп отырды. Ең тапқырлары марапаттауға шақырылды және Қазақстан Ұлттық Банкінен және баспа басылымдарының редакцияларынан бағалы сыйлықтар алды.

«Ойла» ғылыми-танымдық журналы оқырмандар арасында жеке конкурс өткізді. Қаржылық сауаттылық бойынша қызықты иллюстрациялық материалдар сериясынан кейін екі апталық викторина өтті, оның жеңімпаздары да бағалы сыйлықтар алды.

Қазақстан Ұлттық Банкі жастарға ерекше көңіл бөледі, жастарға және кіші және орта мектеп жасындағы балалар үшін оларда қаржылық мәдениеттің негізгі дағдыларын қалыптастыру мақсатында телевизиялық бағдарламалар іске асырылады.

Биыл телебағдарлама шығарылымының 40 түсіріліміне қатысқан «ТенгеLand» тележобасының қатысушылары атап өтілді. Олар қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі жобаны іске асыруға қосқан үлесі, шығармашылық көзқарасы және креативтілігі үшін Қазақстан Ұлттық Банкінен Алғыс хаттар алды. «ТенгеLand» барлық шығарылымдарын YouTube-тағы Ұлттық Банктің ресми арнасынан және Контакттегі Ұлттық Банк бетінен таба аласыздар.

Барлық жобалар «Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы» шеңберінде жасалды.

Жастар арасында қаржылық сауаттылықты дамытуға және патриоттық қасиеттерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алматы қ. №187, №96, №52 ЖБМ ҚММ, «Alma School» оқу орындарының, Түркістан облысы Отырар ауданының Мыңшұңқыр ауылы Мыңшұңқыр орта мектебінің, сондай-ақ «Достық» балалар жасөспірімдер клубы мен «Мирас» клубының ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz