Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Дамушы елдердің валюта нарығындағы ахуал 2018 жылдың екінші және үшінші тоқсандарымен салыстырғанда қалыпқа келді. Сыртқы, сол сияқты ішкі факторлардың әсерінен дамушы елдердің неғұрлым әлсіреген валюталарының түзетілуі байқалады. Дауласушы тараптардың ымыраға келуіне және заңнамалық орган – АҚШ Конгресінде республикалық партия ұстанымының әлсіреуіне байланысты АҚШ пен кейбір дамушы елдер арасындағы саяси келіспеушіліктер басылды.

АҚШ Конгресінде өткен аралық сайлау қорытындысы бойынша республикалық партия Өкілдер палатасындағы дауыстардың көпшілігінен айырылып қалғанымен, АҚШ Сенатындағы көпшілік дауысын сақтап қалды. АҚШ Президенті Д.Трамптың дамушы елдерге қатысты саясатты жүзеге асыруын АҚШ Конгресінің азшылық бөлігі қолдайтын болады.  

Федералдық Резервтік Жүйе риторикасының монетарлық саясатты қатаңдатуға қатысты өзгеруі маңызды фактор болды. ФРЖ Төрағасы Джереми Пауэлл өзінің сөйлеген сөзінде бейтарап деңгейдегі негізгі мөлшерлеменің жақын арада монетарлық саясаттың АҚШ экономикасын ынталандыра алмайтындай деңгейге жететіндігі туралы хабарлады. Соның нәтижесінде инвесторлардың әлемдегі ең ірі экономика мөлшерлемелерінің өсуі бойынша күтулері күрт құлдырап кетті.

Жылдың басынан бері мұнай құнының ең төменгі деңгейлерге жетуіне байланысты мұнай экспорттаушылары болып табылатын дамушы елдер валюталарының бағамына аздап қысым жасалып жатқанын атап өткен жөн.

Мексика мен АҚШ арасында 2018 жылғы 27 тамызда қол жеткізілген сауда келісіміне, сондай-ақ Мексика Орталық Банкінің базалық мөлшерлемені 2008 жылдан бері желтоқсанда ең жоғары деңгейге 0,25%-ға 8,25%-ға дейін көтергеніне қарамастан, Мексика песосы төртінші тоқсанның басынан бері әлсіреді. Мемлекеттің экономикаға инвестициялауымен байланысты ірі жобаларға қатысты мемлекеттік реформаларды іске асырудың мүмкін болмауы валютаның әлсіреуінің негізгі себебі болып табылады.  Мәселен, Мехико қаласында құны 13,3 млрд АҚШ долларын құрайтын әуежай құрылысы жоба бойынша жария дауыс берілгеннен кейін тоқтатылды. Мұнай бағасының төмендеуі де маңызды фактор болды.

Дамушы елдердің көпшілігі монетарлық саясатты қатаңдатуы кезеңінде Ресей де қаржы тәуекелдеріне ден қойды. Ресейдің Орталық Банкі 2014 жылдан бастап  алғаш рет  қыркүйекте базалық мөлшерлемені 0,25%-ға, сондай-ақ желтоқсанда 0,25%-ға 7,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, геосаяси шиеленістің төмендеуі Ресей  рублі үшін тірек нүктесі болуға әкелді. Қарашада АҚШ тарапынан жаңа санкциялар қолдануды кейінге қалдыру Ресейдің қаржы нарығына ықпал етудің қосымша факторы болды.  

Бразилия үкіметінің  фискалдық тапшылықты және мемлекеттік борышты реттеу үшін елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру бойынша реформалар қабылдауда бөлінуі нарықтың бразилиялық активтерге сенімін төмендетуге әкелді. Соған қарамастан,  Бразилияда өткен жалпы сайлаулар инвесторлардың көңіл-күйіне оң ықпал етті. Президент Жаир Болсонарудың жеңісі валюта бағамының нығаюына түрткі болды. Нарықтар үшін экономика кеңесшісі Пауло Гуедестің зейнетақы реформасын жүргізу қажеттілігіне қатысты табандылығы оң фактор болып табылады, бұл одан әрі фискалдық бюджетке жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.   

Қытай Халық банкінің қатаң риторикасы –  «қажет болған кезде, юаньнің айырбастау бағамын оңтайлы және тепе-тең деңгейде қолдау үшін макропруденциялық бақылауды күшейту» –  валюта бағамының қатты әлсіреуін болдырмау үшін өктемдік жүргізу мүмкіндігі туралы ескертеді. Аргентинадағы G-20 саммитінің негізгі мәселесі Қытай және АҚШ арасындағы сауда мәселелерін талқылау болды. АҚШ Президенті Д. Трамп пен Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздердің қорытындылары бойынша АҚШ-қа импортталатын Қытай тауарларына барынша қатаң баждарды енгізу мерзімін 90 күнге ауыстыру туралы уағдаластық қабылданды. Бұған дейін Вашингтон Қытай импортына баждарды  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 10%-дан бастап 25%-ға дейін көтеру туралы мәлімдеген еді. Шиеленісті төмендету үшін Қытай 1 қаңтардан бастап кейбір тауарлар импортына тарифтерді азайту туралы шешім қабылдады, американдық жүгері импортын жаңартты. Бұдан әрі инвестициялар үшін тарифтік емес тосқауылдарды азайтуға қатысты келіссөздер, технологиялар трансфері және зияткерлік меншік мәселелері күтіледі.

Инвесторлардың түрік лирасы бағамының тұрақтылығына қатысты алаңдаушылығы қамауға алынуы АҚШ тарапынан санкцияларға әкелген американдық пасторды босатқан соң АҚШ пен Түркия арасындағы саяси шиеліністің төмендеуі аясында басылды. Оған қоса, реттеушінің монетарлық саясатты қатаңдатуы және үкіметтің фискалдық саясатты оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы коммуникациясы түрік  лирасы серпінінің қалпына келуінің негізгі себептері болды.

Валюта бағамының тұрақтылығын қолдау мақсатында Индонезия Банкі қатаң монетарлық саясатты жүргізуін жалғастыруда. Реттеуші қарашада базалық мөлшерлемені 6%-ға дейін 0,25%-ға көтерді, сол сияқты төртінші тоқсан бойы валюталық нарықта өктемдік жүргізді. Үшінші тоқсанда ІЖӨ-нің 3,09%-ға өсуі туралы жарияланған экономикалық деректер экономиканың орнықтылығын растайды.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер Үндістандағы экономикалық жағдайдың тұрақтылығы туралы белгі береді. Болжамдарға сәйкес Үндістан дамушы елдер арасында экономикасы барынша өсіп келе жатқан елдердің бірі болып қалады. Соған қарамастан, ағымдағы шот тапшылығының ұлғаюы Үндістан Резервтік Банкі алаңдауының негізгі себебі болып отыр. Мұнай құнының төмендеуі аясында ағымдағы шот тапшылығының азаюы төртінші тоқсанда үнді рупийі нығаюының негізгі себебі болып табылады.

Қазақстан сол сияқты қазақстандық теңге бағамын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдады. Қыркүйекте бағамға алып-сатарлық қысымды төмендету үшін өктемдік жүргізілді. Қазақстан Ұлттық Банкі қазандағы отырыста базалық мөлшерлемені 0,25%-ға көтеру туралы шешім қабылдады. Осылайша, базалық мөлшерлеменің дәлізі 8,25-10,25%-ды құрады. Қазан-қарашада алып-сатарлық қысым әлсіреді және бағам серпіні макроэкономикалық факторларға бағынды, бұл құбылмалылықтың төмендеуіне әкелді.

Әдетте, дамушы елдерден капиталдың әкетілуі кезінде валютаның әлсіреуі ғана емес, сондай-ақ дамушы елдердің ұлттық валютадағы облигациялары кірістілігінің өсуі де байқалады. Облигациялар кірістілігінің өсуі бастапқыда алып-сатар инвесторлар мен хедж қорлар тарапынан қызығушылықты арттыра түседі. Кейіннен, әлемде экономикалық конъюнктура тұрақтандырылған кезде ірі қорлардың дамушы елдерге инвестициялауы артады, себебі инвесторлар жоғары кірісті активтер іздеуде болады. Ағымдағы уақытқа дамушы елдердің облигациялары индексінің орташа кірістілігі тартымды деңгейлерде тұр.

Қазандағы есепке сәйкес, ХВҚ 2019 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 3,9%-дан 3,7%-ға дейін және дамушы елдердің өсуін 5,1%-дан 4,7%-ға дейін төмендетті. Болжамның нашарлауы кейбір дамыған елдердегі өсудің баялауының, кейбір дамушы елдердің экономикасындағы жүзеге асырылған тәуекелдердің және әлемде еркін сауда-саттықты шектеудің айғағы болып отыр. Дамушы елдердің экономикасы тұрақтылығының  негізгі тәуекелдері қазіргі уақытта АҚШ-тың сауда-саттық және санкциялық саясатының эскалациясы, дамушы елдердің құрылымдық реформаларының баяу дамуы, дамушы елдердің орталық банктері тарапынан монетарлық саясатты қатаңдатуы және әлемдік экономиканың өсу қарқынының әлсіреуі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz