Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес олардың сақталуын және кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 135,2 млрд теңгені, оның ішінде теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 287,8 млрд теңгені немесе 69,0%-ды, шетел валютасында номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 2 847,4 млрд теңгені немесе 31,2%-ды құрады.

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.  БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады. 2018 жылы аталған Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу, портфельді әртараптандыру үшін шетел валютасын сатып алу, халықаралық қаржы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да корпоративтік қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алу сияқты БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын мақұлдады.

Теңгемен инвестициялар. 2018 жылғы қарашада теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 462,1 млрд теңгені  құрады (ақша нарығының құралдарына жасалған инвестицияларды есепке алмағанда[1]), оның ішінде:

  • жылдық 10,0% кірістілігі бар  450,0 млрд теңге сомаға ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облигациялары сатып алынды;
  • жылдық 9,7% кірістілігі бар 5,0 млрд теңге сомаға Еуразиялық даму банкінің облигациялары сатып алынды;
  • экономиканы қолдау үшін ҚР екінші деңгейдегі банктерін 200 млрд теңге сомаға қаржыландыру жөнінде жарияланған бағдарлама шеңберінде жылдық
    11,4% орташа сараланған кірістілігі бар жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды.

Қаралып отырған кезеңде теңгемен бос ақшалай қаражат ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылды. Бұл ретте аталған инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу және сату. 2018 жылғы қарашада белгіленген мерзімдерге сәйкес 12,1 млрд теңге сомаға екінші деңгейдегі банктердің облигациялары өтелді.

Қаралып отырған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің бастамасы бойынша банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы
2,9 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеді.

Есепті кезеңде бағалы қағаздар сатылған жоқ.

Шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.

Шетел валютасында номинирленген БЖЗҚ зейнетақы активтері БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымына және стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

Шетел валютасымен инвестициялар. 2018 жылғы қарашада шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
233,9 млрд теңге болды, оның ішінде:

  • жылдық 2,4% кірістілігі бар 174,1 млрд теңге сомаға АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;
  • жылдық 4,4% орташа алынған кірістілігі бар 2,6 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Филиппиннің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;
  • жылдық 3,8% кірістілігі бар 1,0 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Чилидің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;
  • 56,1 млрд теңге сомаға «Қазатомпром» ҰАК» АҚ депозитарлық қолхаттары сатып алынды.

Шетел валютасында өтеу және сату. 2018 жылғы қарашада белгіленген мерзімдерге сәйкес АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша негізгі борыш 243,8 млрд теңге сомаға өтелді.

Есепті кезеңде бағалы қағаздар сатылған жоқ.

Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2018 жылғы 11 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 800,19 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы қарашаға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,3% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,0%-ды құрайды. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,7%-ды құрады.


[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілге бере отырып «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары                                                                                                                                                                

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz