Публикации

2016 жылдың қорытындысы бойынша банктердің заңды тұлғаларға ұлттық валютада берген кредиттері бойынша мөлшерлемелердің 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 25,8%-дық мәннен 2016 жылғы желтоқсанда 14,4%-ға дейін  біртіндеп төмендеуі байқалды.

Теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуіне қысқамерзімді өтімділікпен ахуалдың жақсаруы, банктік қызметтер нарығында бәсекелестіктің күшеюі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің және ішкі қорландыру құнының төмендеуі ықпал етті. Осылайша, теңгемен кредиттік ресурстар айтарлықтай қолжетімді болуда, тиісінше, кәсіпорындардың ағымдағы қызметін қаржыландыру көзі ретінде қарастырылуда. Мөлшерлеменің оң серпіні сақталған жағдайда негізгі капиталға инвестициялар көзі ретінде теңгемен кредиттеудің рөлі артады.

Кредиттер бойынша мөлшерлеменің төмендеуі берілетін қарыздар көлемінде байқалды. 2015 жылмен салыстырғанда кәсіпорындарға ұлттық валютада берілген кредиттер 2,2%-ға 5 549,3 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл ретте 55%-ы базалық мөлшерлеменің неғұрлым төмен кезеңінде - екінші жартыжылдықта берілді. Ұлттық валютамен кредиттердің айтарлықтай көлемі экономиканың сауда (52,6%), өнеркәсіп (27,5%), құрылыс (5,5%) сияқты салаларының кәсіпорындарына бағытталған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Ірі кредит алған кезде жұбайының келісімі міндетті

Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа қағидалар енгізілгеніне бір жылға жуық уақыт болды. Ендігі жерде ірі кредит жұбайының немесе зайыбының келісімінсіз берілмейтін болады. Шекті сома – 2025 жылы 1 000 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) – 3 932 000 теңгені құрайды. Тиісінше, алдағы уақытта АЕК мөлшері өскен жағдайда келісім талап етілетін ең төменгі сома да ұлғаятын болады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz