№ 47 баспасөз релизі

№ 47 баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2018 жылғы 12 желтоқсанда номиналы 100 теңгелік, күмістен және танталдан «Зодиак белгілері» сериясынан «Тоқты», «Арыстан», «Мерген», «Торпақ», «Бикеш», «Тауешкі», «Суқұйғыш», «Егіз», «Таразы», «Балықтар», «Шаян», «Сарышаян» биколорлы коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталардың дизайны жартастағы сурет стилистикасында орындалған. Әрбір орнатылған танталдың түсі монета арналған стихияның түсіне сәйкес келеді.

Монеталар әрбір зодиак белгісіне сәйкес келетін он екі түрде дайындалған. Монеталар түс өзгерту технологиясын қолдана отырып күмістен және танталдан дайындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба, зодиак белгілері, түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып орындалған күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба бар. Оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 10g» және «Ta 15g» деген жазбалар, соғылған жылын білдіретін «2018» деген жазба орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) зодиак шоқжұлдыздарының стильдендірілген бейнелері, олардың схемалық белгіленуі және тиісті атаулары орналасқан.

Монеталар сегіз қырлы. Монеталар 925/1000 сынамды күмістен және танталдан дайындалған,  жалпы массасы – 25 гр. (күміс сақина массасы 10 гр., танталдан ішкі диск массасы 15 гр.), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – әрбір түрінен 1 000 дана.

Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстанда брокерді қалай дұрыс таңдауға болады?

Бағалы қағаздар нарығында сауда жасағыңыз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Бірінші, лайықты брокерді таңдау керек. Мұны қалай істеуге болатынын және оның немен айналысатынын Fingramota.kz  айтып береді.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz