Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

2018 жылғы 7 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,3%-ға нығайып  (371,56-дан), 370,49 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 30 қарашадан 7 желтоқсан    аралығында маңызды оқиғалар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық қатынастарға қатысты қарама-қайшы жаңалықтар (G20 саммитінің алаңында екі ел басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша сауда-саттық уақытша бітімге қол жеткізу, Қытайдың Huawei компаниясының қаржы директорын  АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды бұзды деген күдікпен тұтқынға алынуы), ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің АҚШ-тың экономикасы мен еңбек нарығы туралы нық сенімді түсініктемелері,  АҚШ-тағы еңбекпен қамтылу бойынша қарашадағы әртүрлі деректердің жариялануы (ауыл шаруашылық емес секторда қамтылғандардың саны күтулерден төмен болып шықты, алайда еңбекақының өсуі тұрақты), 2019 жылдың бірінші жартыжылында өндіруді тәулігіне 1,2 миллион баррельге төмендету туралы ОПЕК+ елдерінің арасындағы   келісімге қол жеткізу болды.

Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған және дамушы  елдердің валюталарымен салыстырғанда әртүрлі бағыттағы серпініне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка рэнді  сауда-саттық балансының әлсіреуі аясында ағымдағы шот тапшылығының 3-тоқсанда ІЖӨ-нің 3,5%-на дейін кеңеюі туралы жарияланымнан кейін  2,1%-ға (13,87-ден 14,16-ға дейін) әлсіреді;  
  • Үндістан рупиясы негізгі мөлшерлемені 6,5%-дық деңгейде сақтап тұру және егер инфляцияның өсу тәуекелі ақталмаса, ақша-кредит саясатының траекториясын өзгертуге әзір болу туралы мәлімдеменің аясында 1,8%-ға (69,58-ден  70,81-ге дейін) әлсіреді;
  • Түрік лирасы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық жанжалдың ықтимал эскалациясына байланысты инвесторлардың тәуекел активтерге қызығушылығының жалпы төмендеуі аясында  1,5%-ға (5,22-ден 5,30-ға дейін) әлсіреді;
  • Индонезия  рупиясы  инвесторлардың тәуекел-тәбеттерінің төмендеуі аясында ОБ тарапынан валюталық өктемдіктерге қарамастан, 1,2%-ға (14 302-ден 14 480-ге дейін) әлсіреді; 
  • Бразилия реалы  өнеркәсіптік өндірістің баяулауы (қазанда +0,2%) және тұтыну бағасы индексінің төмендеуі (қарашада -0,21%), сондай-ақ S&P талдаушыларының фискалдық саясаттағы проблемаларды жеделдетіп шешу қажеттілігі туралы түсініктемелерінің    аясында 1%-ға (3,87-ден 3,91-ге дейін) әлсіреді; 
  • Мексика песосы 0,5%-ға  (20,37-ден 20,26-ға дейін) нығайды;
  • Ресей рублі  өндіруді қысқарту туралы ОПЕК+ -тің келісімге қол жеткізуі нәтижесінде мұнай бағасының өсуі аясында  1%-ға (67,09-дан 66,45-ке дейін) нығайды.  

[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстанда брокерді қалай дұрыс таңдауға болады?

Бағалы қағаздар нарығында сауда жасағыңыз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Бірінші, лайықты брокерді таңдау керек. Мұны қалай істеуге болатынын және оның немен айналысатынын Fingramota.kz  айтып береді.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz