Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Ұлттық Банкінің әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру туралы ақпаратты ұсынамыз.

  • «7-20-25» Бағдарламасы бойынша:

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз алуға 62,1 млрд. теңге сомасына  5 298 өтініш қабылданды. Оның ішінде 40,7 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 3 391 өтініш мақұлданды.

Бағдарламаның талаптарымен  сілтеме бойынша танысуға болады.

  • Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:

Бағдарлама екі бөліктен тұрады.

1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

2018 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 158,3  млрд теңге сомаға 25 556 қарызды мақұлдап, 137,7 млрд теңге сомаға 23 673 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 236,4 млрд теңге сомаға 31 604 өтінім қабылданды.  

Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде  сілтеме бойынша танысуға болады.

2) Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2018 жылғы 10 желтоқсандағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 40,1 млрд теңге сомаға 5 131 өтінімді мақұлдап, 27,8 млрд теңге сомаға 3 845 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы қарыз алу үшін 64,5 млрд теңге сомаға 6 233 өтінім қабылданды.

Банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі шектеулі. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде сілтеме бойынша танысуға болады.

Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне сілтеме бойынша қолжеткізуге болады.

Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде сілтеме бойынша қолжеткізуге болады. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде  сілтеме  бойынша танысуға болады.

Егер Сіздерде Бағдарламалар бойынша сұрақтар туындаса, Сізден:

- 050040, Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы;

- Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз.

Егер Сіздерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, сондай-ақ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа өтініш жасауды сұраймыз  Сall-орталық + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстанда брокерді қалай дұрыс таңдауға болады?

Бағалы қағаздар нарығында сауда жасағыңыз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Бірінші, лайықты брокерді таңдау керек. Мұны қалай істеуге болатынын және оның немен айналысатынын Fingramota.kz  айтып береді.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz