Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес олардың сақталуын және кірістілікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 051,9 млрд теңгені, оның ішінде теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 248,7 млрд теңгені немесе 69,0%-ды, шетел валютасында номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 2 803,2 млрд теңгені немесе 31,0%-ды құрады.

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.  БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады. 2018 жылы аталған Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу, портфельді әртараптандыру үшін шетел валютасын сатып алу, халықаралық қаржы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да корпоративтік қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алу сияқты БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын мақұлдады.

Теңгемен инвестициялар. 2018 жылғы қазанда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 42,2 млрд теңгені құрады (ақша нарығының құралдарына жасалған инвестицияларды есепке алмағанда[1]), оның ішінде:

  • жылдық 9,3% кірістілігі бар 10,0 млрд теңге сомаға «Баспана» ИҰ» АҚ облигациялары сатып алынды;
  • жылдық 9,5% кірістілігі бар 5,0 млрд теңге сомаға Еуразиялық даму банкінің облигациялары сатып алынды;
  • экономиканы қолдау үшін ҚР екінші деңгейдегі банктерін 200 млрд теңге сомаға қаржыландыру жөнінде жарияланған бағдарлама шеңберінде жылдық
    11,9% орташа сараланған кірістілігі бар жалпы сомасы 27,2 млрд теңгеге екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды.

Қаралып отырған кезеңде теңгемен бос ақшалай қаражат ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылды. Бұл ретте аталған инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу және сату. 2018 жылғы қазанда белгіленген мерзімдерге сәйкес 30,24 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ өтелді.

Қаралып отырған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің бастамасы бойынша банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеді.

Есепті кезеңде бағалы қағаздар сатылған жоқ.

Шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.

Шетел валютасында номинирленген БЖЗҚ зейнетақы активтері БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымына және стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

Шетел валютасымен инвестициялар. 2018 жылғы қазанда шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 131,3 млрд теңге болды, оның ішінде:

  • жылдық 2,3% кірістілігі бар 74,7 млрд теңге сомаға АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;
  • жылдық 4,2% орташа алынған кірістілігі бар 12,7 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Перудің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;
  • жылдық 3,8% кірістілігі бар 1,5 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Филиппиннің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;
  • жылдық 4,1% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 28,5 млрд теңгеге АҚШ долларында номинирленген Қытайдың квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары сатып алынды;
  • жылдық 4,5% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 13,9 млрд теңгеге АҚШ долларында номинирленген Чилидің квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары сатып алынды.

Дамушы елдер эмитенттерінің бағалы қағаздарына салынған инвестициялар шеңберінде инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтерге сәйкес келетін «ВВВ-» деңгейіндегі ең төменгі кредиттік рейтингі бар Қытай мен Чилидің квазимемлекеттік секторының 4 эмитентінің еурооблигациялары сатып алынды. Аталған бағалы қағаздардың эмитенттерін 100% мемлекет бақылайды.

Еурооблигациялардың әрбір шығарылымын сатып алу үлесі шамалы ғана және әрбір шығарылым айналысындағы көлемнің 0,4%-нан бастап 2,5%-на дейінгі мөлшерді құрайды. Еурооблигациялардың жоғарыда көрсетілген шығарылымдары танымал және ірі инвестициялық қорлар барынша жаңартып отыратын, JPMorgan компаниясы бақылайтын EMBIG (Emerging Markets Bond Index Global) дамушы елдер облигацияларының индексі кіреді.

Шетел валютасында өтеу және сату. 2018 жылғы қазанда белгіленген мерзімдерге сәйкес АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша негізгі борыш 22,1 млрд теңге сомаға өтелді.

Есепті кезеңде 15,2 млрд теңге сомаға Түркияның мемлекеттік бағалы қағаздары сатылды.

Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2018 жылғы 10 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 765,3 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2017 жылғы қарашадан бастап 2018 жылғы қазанға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,3% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,2%-ды құрайды. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,9%-ды құрады.   


[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілге бере отырып «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Ерікті автосақтандыру (КАСКО): сіз қандай нюанстарды білуіңіз керек?

Сақтандыру - бұл сіздің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіңізді күтпеген жағдайлардан қорғауға мүмкіндік беретін қаржылық құрал. Алайда, клиенттің осы мәселені шешу және қарастырылған өтемақыны алу үшін білуі және ескеруі тиіс бірқатар маңызды нюанстар бар.

Цифрлық кредиттер (онлайн-қарыздар): артық және кем тұстары

Қазақстанда онлайн-кредиттер оларды рәсімдеудің ыңғайлылығы мен тездігінің арқасында үйреншікті іске айналды — ақшаны бірнеше минут ішінде алуға болады. Дегенмен, кез-келген қаржы құралы сияқты, цифрлық кредиттердің де артықшылықтары мен тәуекелдері бар. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz