Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

2018 жылғы 23 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,3%-ға нығайып  (367,06-дан), 366,05 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 16 қарашадан 23 қараша   аралығында маңызды оқиғалар технологиялық компаниялардың акциялары құнының төмендеуі, АҚШ президенті Д.Трамптың Қытай өкілдерімен сауда-саттық мәселелері бойынша келісімге қол жеткізуге әзірлігі жөніндегі түсініктемесі,  АҚШ президенті әкімшілігінің АҚШ-тан технологиялардың экспортын шектеуді қатаңдату бойынша талаптары, ЕО және Ұлыбританиямен болашақтағы қарым-қатынастар туралы жобаны келісу, Сауд Арабиясының мұнай өндірісінің өсуі және АҚШ-та мұнай қорларының артуы туралы деректерді жария етуі,  ФРЖ өкілдерінің монетарлық саясатқа және экономикалық өсуге  қатысты түсініктемелері болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда біраз нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Бразилия реалы Бразилия конгрессінің мұнай кенорындарын сату бойынша заң жобасы бойынша дауыс беруді белгісіз мерзімге көшіру аясында 2,4%-ға (3,74-тен 3,83-ке дейін) әлсіреді, бұл Президент Жаир Болсонарудың басшылығымен  қажетті реформалардың іске асырылуына күмән туғызады;
  • Мексика песосы Мексика Президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың көпшілік референдумын өткізу үшін талаптарды қысқартуға қатысты түсініктемесінен, сондай-ақ бұрын Мексика Президенті уәде берген он ірі жобаны іске асырудың орындылығы туралы қосымша референдум өткізгеннен кейін  1,2%-ға (20,17-ден 20,41-ге дейін) әлсіреді.
  • Ресей рублі  шетелдік инвесторлар тарапынан федералдық қарыз облигацияларын орналастыру бойынша кезекті аукционға қызығушылықтың артуына қарамастан, 0,3%-ға (65,99-дан 66,21-ге дейін) әлсіреді; 
  • Индонезия  рупиясы 0,5%-ға (14,612-ден 14 544 -ке дейін) нығайды;
  • Түрік лирасы Түркияның  Экономика министрі Берат Албайрактың қарашада инфляцияның төмендеуі және қазанда ағымдағы баланстың ықтимал рекордтық профициті туралы мәлімдемесі аясында  0,8%-ға (5,33-тен 5,29-ға дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка рэнді  ХВҚ өкілдерінің мемлекеттік борыштың қолайсыз деңгейге жетуі туралы мәлімдеуіне қарамастан,  инфляциялық тәуекелдердің артуы себебінен ОАР ОБ-нің базалық мөлшерлемені 2016 жылдан бері алғашқы рет 6,75%-ға дейін 0,25%-ға көтеру туралы шешімінің аясында 0,9%-ға (13,99-дан 13,86-ға дейін) нығайды; 
  •  Үндістан рупиясы Үндістан РБ-нің мемлекеттің қарызға қаражат алу бойынша шектеулер қарау жөніндегі арналған комиссия құру, сондай-ақ мұнай құнын төмендету аясында  1,7%-ға (71,93-тен  70,70-ке дейін) нығайды.

[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz