Қаржы секторының «шамадан артық жүктемесі» және банктердің кредиттік белсенділігін қалпына келтіру. Осы бағыттар Жолдауда айқындалған және біз тиісті жұмысты бастадық». Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Соңғы жылдардағы күрделі макроэкономикалық ахуал банк секторына әсер етпей қоймады. Қорландыруды қысқарту және оның құнын ұлғайту, тұтынушылық сұраныстың төмендеуі және рентабельдік жобалардың тапшылығы жағдайында банктік бизнестің экономиканың нақты секторын кредиттеу процесіндегі тиімділігі аз болды. Әсіресе бұл қазір, банк секторының бұрынғы көптеген проблемалары әлі де толық шешілмеген кезде маңызды болып отыр», – деп мәлімдеді Д. Ақышев.
Сондай-ақ ол, «осы проблемалар шешілмей банктер тарапынан экономиканы толыққанды кредиттеуді қамтамасыз ету мүмкін емес». «Біз банктік секторды сауықтыру көптеген қатысушылар үшін ауыр процесс екенін түсінеміз, себебі акционерлер тарапынан қосымша салымдарды не басқа ойыншылармен шоғырлану талап етіледі».
Ұлттық Банк Жолдауға сәйкес банк секторын сауықтыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуге кірісті, оның шеңберінде реттеушілік және қадағалау процесінің халықаралық қағидаттары іске асырылады.
«Қазір Ұлттық Банктің пруденциялық нормативтер бұзылмағандықтан, банктегі ахуалдың өзгеруіне жедел ден қою мүмкіндігі жоқ. Тәсілдердің формалды болуы заңнаманы бұзу болмағандықтан банктерден ақшаны шығару фактісін байқай отырып Ұлттық Банктің ықпал ету шараларын қолдана алмауына немесе осындай операцияларды тоқтата алмауына әкеледі. Алайда бұл салымшылардың қаражатын қорғау үшін талап етіледі – дей келе Ұлттық Банктің басшысы: «бұл жағдайда Ұлттық Банк проблемалардың туындауын және тәуекелдерді іске асыруды күтпей, дағдарысты құбылыстардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр» - деп толықтырды. Бұл - тәуекелге бағдарланған қадағалауды және реттеушінің дәлелді пайымдауын енгізу деген сөз.
Одан әрі Д. Ақышев Ұлттық Банктің өз жұмысында қолданатын нақты шаралары жайлы айтып берді. Мәселен «2017 жылғы сәуірге дейін Ұлттық Банк банк капиталын тиісінше түзете отырып провизияларды бағалаудың бірыңғай әдістемесін (бұл практика 2013 жылға дейін қолданыста болған) енгізуді жоспарлап отыр.».
Бұдан басқа, «Ұлттық Банк банктердің байланысты тұлғалармен мәмілелерді және жеңілдік талаптары бар мәмілелерді бағалауға арналған тәсілдерін қатаңдатады», - деді елдің бас банкирі.
«Таяу уақытта біз банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы туралы ақпаратты жасырғаны үшін аудиторлар мен бағалаушылардың жауапкершілігін арттыру бойынша Үкіметке қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға дейін ұсыныстар енгіземіз» - деді Д. Ақышев.
«Сонымен қатар банк капиталының құрылымына мәжбүрлеп қайта құрылымдау жүргізуге, сондай-ақ банктерді қосу процесін жеңілдетуге қатысты Ұлттық Банктің мандатын заңнамалық деңгейде күшейту қажет етіледі. Заңнамалық түзетулердің тиісті топтамасын Ұлттық Банк әзірлеп, қысқа мерзімде Үкіметке енгізілетін болады», - деп толықтырды Төраға.
Қорытындылай келе, Д. Ақышев «2017 жылы жүргізу жоспарланған банк секторын сауықтыру бойынша шаралар кешені банктердің активтерінің сапасына тәуелсіз бағалауды қамтиды. Сонымен қатар, ірі банктерді мемлекеттік ресурстар есебінен қолдау бағдарламасы акционерлердің банктерді қосымша капиталдандыруға ынтымақтастықпен қатысу қағидаттарымен ұсынылады» деп атап өтті.