Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

2018 жылғы 16 қарашада «Атамекен» ҰКП алаңында өзара трансшекаралық есеп айырысуда Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының ұлттық валюталарын пайдалану мүмкіндігін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің отырысына Алматы облыстық филиалдың директоры Е. Жұмабеков, ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының өкілдері, Қытай Халық Банкінің Синьцзян бөлімшесінің Президенті Г. Цзяньвэй, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Абильшаиков, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А. Шаяхметов, «Қорғас» ХШЫО АҚ Президенті К. Джазин, «Қорғас» ХШЫО АҚ ЕЭА кәсіпкерлер қауымдастығының Төрағасы Г. Сакиева қатысты. Іс-шараға қызметін Алматы облысында және «Қорғас» ХШЫО АҚ аумағында жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер филиалдарының және трансшекаралық кәсіпорындардың өкілдері де шақырылды.

Іс-шараның барысында екі мемлекеттің валюталық қатынастарының ағымдағы аспектілері талқыланды, сауда және инвестициялық қызметтің шегінде трансшекаралық есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдаланудың перспективалары мен артықшылықтары талқыланды, Қазақстан мен Қытайдың қаржы нарықтарының инфрақұрылымын дамыту мәселелері қозғалды. Дөңгелек үстелдің барысында ҚР мен ҚХР банктік және клирингтік ұйымдарының қатысуымен ұлттық валютада төлемдер мен клирингті жүзеге асыру тәсілдері мен тәртібі қаралды, сондай-ақ Қазақстанның теңгесінде және Қытайдың юанінде өтімділік көздерінің болуы аталды.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстанда брокерді қалай дұрыс таңдауға болады?

Бағалы қағаздар нарығында сауда жасағыңыз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Бірінші, лайықты брокерді таңдау керек. Мұны қалай істеуге болатынын және оның немен айналысатынын Fingramota.kz  айтып береді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz