Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышевтың баяндамасын тыңдамас бұрын бүкіл қазақстандықтарды ұлттық валюта – теңгенің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Барша қазақстандықтарды және қаржы секторының барлық қызметкерлерін ұлттық валютаның 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз қиын жолдан өттік. Теңгенің енгізілуі Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігіне негіз болды. Бүгін біз дамудың жаңа сатысына өтеміз», - деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал және елдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.