Назарларыңызға «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынып отырмыз.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша қарыз алуға 55,1 млрд. теңге сомасына 4 657 өтініш қабылданды. Оның ішінде 36,4 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 3 036 өтініш мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.