Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2018 жылдың 3-тоқсанында жүргізген кәсіпорындар мониторингінің нәтижесі бойынша, кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс оларға деген бағаның өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты жоғарылады.
Сонымен бірге өндірістік қуат көздерін қолдану деңгейі мен өндіріс көлемі жоғарылады, инвестициялық белсенділік те жақсарды. Кәсіпорындардың банк несиелеріне деген сұранысы аздап жоғарылады, дегенмен несиелеу шарттарын кәсіпорындар әлі де теріс бағалауда.
Кәсіпорындар сауалнамасының нәтижелері бойынша кезекті есеп Ұлттық Банктің ресми сайтында жарияланды.