2016 жылы долларсыздандыру мәселесінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді – Д. Ақышев

 «Экономиканың долларлану мәселесі жоғары (тарихи тұрғыдан қалыптасты) болып қалуына қарамастан, өткен жылы жинақтау, есеп айырысу құралы және активтер құнының өлшеуіші ретінде ұлттық валюта – теңге үлесінің ұлғаюында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтты. 

Д. Ақышев айтып өткен Ұлттық Банктің деректері бойынша, «2016 жылы теңгемен депозиттер 3,3 трлн. теңгеге (66%-ға өсу) өсіп, шетел валютасымен депозиттер 1,1 трлн. теңге (10%-ға) төмендеген. Барлық депозиттердің долларлану деңгейі ең жоғарғы 70%-дық деңгейден 55%-ға дейін, ал жеке тұлғалар бойынша 80%-дан 62%-ға дейін төмендеді».

«Долларлану үлесі жоғары көптеген елдерде мұндай нәтижелерге жету үшін көптеген жылдар кеткенін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр», - деді Төраға.

Долларсыздану процесінің тиімді болуына «валюта нарығындағы тұрақтылық және Ұлттық Банктің теңгемен құралдардың тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары ықпал етті», - деп қорытындылады ол.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz