2018 жылғы 16 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1,5%-ға (372,65-тен) нығайып, 367,06 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2018 жылғы 9 қарашадан бастап 16 қараша аралығында Ұлыбритания үкіметі бекіткен келісім жобасының талаптарын қолдаудан бас тартуға байланысты Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы бойынша Министр Доминика Раабаның жұмыстан кетуіне өтініш беруі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастыру, ФРЖ өкілдерінің монетарлық саясатқа және АҚШ экономикасының өсуіне қатысты түсініктемелері және тұтынушылық бағалар индексі, бөлшек сатудың және АҚШ-тағы өнеркәсіптік өндірістің өсуі жөніндегі деректерді жариялауы ең басты маңызды оқиғалар болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарына қатысты әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Бразилия реалы 0,3%-ға (3,73-тен 3,74-ке дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы Мексика Орталық Банкінің базалық мөлшерлемені 0,25%-дан 8%-ға арттыру туралы шешіміне қарамастан 0,1%-ға (20,14-тен 20,17-ге дейін) әлсіреді. Бұл шешім әуежай құрылысынан бас тартуға байланысты және жоспарланған реформаларды іске асыру мүмкін болмағандықтан, инфляция өсімінің болжамына әсер етті;
- Индонезия рупиясы талдаушылардың базалық мөлшерлемені сақтауы туралы болжамы кезінде Индонезия Орталық Банкінің базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешімі аясында 0,4%-ға (14 678-ден 14 612-ге дейін) нығайды;
- Үндістан рупиясы 0,8%-ға (72,50-ден 71,93-ке дейін) нығайды;
- Түрік лирасы Түркияның билік өкілдері мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті деп айыптаған түрік уағыздаушысы Фетхуллах Гюленді АҚШ-тан экстрадициялау туралы алыпсатарлығы аясында 2,4%-ға (5,46-дан 5,33-ке дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды Еуропалық одаққа ОАР-дан 2018 жылғы шілдеде енгізілген темір импорты бойынша кедергілерді алу, сондай-ақ ОАР басқарушы партиясының жерді өтемақысыз алуды жеңілдетуі үшін Конституцияға түзетулер енгізу аясында 2,6%-ға (14,36-дан 13,99-ға дейін) нығайды;
- Ресей рублі АҚШ Конгресі өкілдерінің жылдың соңына дейін Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді жоспарламайтындығы туралы түсіндірулері аясында 2,9%-ға (67,96-дан 65,99-ға дейін) нығайды. Ресейдің мемлекеттік борышымен операцияларға жаңа санкцияларды енгізуі бұрынғысынша инвесторлардың негізгі қаупі болып қалуда.
[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары