Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

2018 жылғы 16 қарашада Алматыда  Ұлттық төлем жүйелерін дамытуды үйлестіру жөніндегі   жұмыс тобының алтыншы отырысы болып өтті, оған Қазақстан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы ұлттық (орталық) банктерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобын халықаралық стандарттар мен әлемнің үздік практикасын ескере отырып, ЕАЭО елдерінің ұлттық төлем жүйелерін одан әрі дамытудың келісілген тәсілдері мен олар бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұлттық (орталық) банктер құрған болатын.

Жұмыс тобының отырысы барысында қаржылық хабарларды беру жүйелерінің өзара іс-қимылы, электрондық (төлем/қаржылық) хабарлар алмасудың ISO  20022 халықаралық стандартын енгізу, төлем карточкаларының ұлттық жүйелерінің өзара іс-қимылы, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаржылық технологияларды дамыту, цифрлық аккредитивтерді және қосымшаларды қолдануды дамыту саласындағы ынтымақтастық бағыттары жөніндегі мәселелер талқыланды.

Отырыста ынтымақтастықтың әрбір бағыты бойынша 2018 жылы жүргізілген жұмыстар бойынша баяндамалар жасалды, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және жол карталары талқыланды. Ұлттық төлем жүйелерін дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының іс-шаралардың жиынтық жоспары қаралып мақұлданды, ол ынтымақтастық бағыттары бойынша кіші топтардың жұмыс жоспарларын қамтиды. Сонымен бірге белгіленген іс-шараларды іске асыру мақсатында әзірленген бірқатар құжат мақұлданды.      

ЕАЭО елдеріндегі қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытудың негізгі көрсеткіштеріне шолу жасалды, төлем саласын реттеу, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ынталандыру шеңберінде елдер жүргізетін іс-шаралар нәтижелері жарияланды.

Қатысушылар RegTech және SupTech-ті қолдану, клиенттерді қашықтан  трансшекаралық сәйкестендіру сияқты қаржылық технологияларды дамыту, мезеттік төлемдер жүйелерін іске асыру саласындағы басым бағыттарды, ЕАЭО кеңістігінде төлем қызметтерін көрсету кезінде ашық API-ді дамыту мәселелерін де талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz