«Қазіргі кезде 12%-ды құрайтын базалық мөлшерлеме экономикаға ықпал етудің нақты құралы болды. Банктер ақшаның құны бойынша бағдар, өтімділікті басқарудың құралдарын алды және теңгемен қорландыру үшін әлеуетін өсіруде». Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтты.
«Кәсіпорындар үшін теңгемен берілген кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме өткен жылы 25,8%-дан 14,4%-ға дейін төмендеді», - деп еске салды қаржы реттеушісінің басшысы.
Сонымен қатар Д.Ақышев «ақша нарығы халық тарапынан қабылдау үшін оншалықты байқалмайды, бірақ қаржы секторы үшін негізгі рөлді атқарады. Дәл осы нарықта Ұлттық Банк құралдарының көмегімен теңге ресурстарының әділ құны қалыптастырылады», деп атап өтті.