Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Бүгінгі күні Қазақстанда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды толыққанды қорғауға мүмкіндік беретін заңнамалық база қалыптасқан.

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі шеңберінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев айтып берді.

Ол тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның негізгі халықаралық стандарттарға жауап беретін, банк секторынан, сақтандыру және зейнетақы қызметтері секторынан, бағалы қағаздар нарығынан, микроқаржыландыру секторынан, сондай-ақ коллекторлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан тұратын қаржы жүйесін қалыптастырудың күрделі жолынан өткенін атап өтті.

«Алайда соңғы жылдары жинақталған өткен проблемаларды шештік, нарықта жылдам өзгеріп жатқан жағдайларға жетуге тырыстық. Осы жылдары өте ауқымды жұмыс жүргізілгені сөзсіз! Енді міне біз өткен жылдардың проблемаларын шешуді үйрендік, қазіргі күнімізбен өмір сүріп жатырмыз және қаржы секторын одан әрі реттеудің дұрыс шешімдерін іздестірудеміз», - деп түсіндірді А. Терентьев.

Ол өткен проблемаларды өзгеріп жатқан жағдайларға жетуге тырыса отырып шешудің мысалы ретінде Қазақстан Республикасында ипотекалық кредиттеу жағдайын айтуға болатынын атап өтті. «Әлемдік қаржы нарықтары тұрақты болған 2000 – 2007 жылдар аралығындағы кезеңде әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы мен салыстырмалы түрдегі саяси тұрақтылық Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға жағымды әсер етті», - деді А. Терентьев.  

«Ипотекалық дағдарыс басталғанға дейін Қазақстанның банк жүйесі ТМД-дағы ең үздік жүйелердің бірі болды. 2000 жылдардың басында инфляцияның төмендеуі, шетелдік қорландырудың арзандауы, экономиканың және халық кірісінің өсуі жағдайында банк секторы өзінің серпінді өсуін көрсетті. Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар және депозиттік базаның өсуі аясында банктер кредит нарығындағы қызметтерін айтарлықтай жандандырды. Өз кезегінде, құрылыс нарығының қарқынды дамуы халықтың ипотекалық кредиттеу көлемінің ұлғаюына ықпал етті. Бұл ретте кредиттердің көп бөлігі шетел валютасында берілді. Сонымен бірге осы кезеңде банктік қызметтерді көрсету кезіндегі заңнамалық реттеуде теңсіздіктердің бар екендігі байқалды», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі.

Ол басқа елдер сияқты Қазақстан да ипотекалық дағдарысты сезінген кезде экономикалық ахуалдың өзгергенін атап өтті.

«2008 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде экономикалық белсенділіктің төмендеуі және теңге бағамының үдемелі түсуі ипотекалық, бірінші кезекте, валютамен қарыз алушылардың банктер алдында өз борыштарына қызмет ету мүмкіндігін жоғалтуына әкелді», - деді А. Терентьев.

Ол мұндай жағдайлардың одан әрі туындауына және қарыз алушының борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін заңнаманы жетілдіру жөніндегі іс-шаралармен қатар, ипотекалық қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтау мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі 2015 жылғы сәуірде 2004 – 2009  жылдары берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіткенін атап өтті. Бұл бағдарламаның маңызды ерекшелігі мұндай құжаттың алғаш рет банктердің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен әзірленуінде болды.  Ағымдағы жылғы наурызда Бағдарламаға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қарыз алған қарыз алушыларға қолдау көрсету мақсатында валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды көздейтін түзетулер енгізілді.

«Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың іс жүзінде барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады, себебі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда валютамен кірістері жоқ жеке тұлғаларға валютамен жаңадан ипотекалық қарыздар беруге тыйым енгізілді», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі.

А. Терентьевтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкі баспананы жалға беру талаптарын әзірлеу мақсатында Бағдарламаны жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізуде. Бұл түзетулер өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен қарыз алушы баспанасын қарыз алушының оны банктен жалға алуы арқылы өз меншігін қайтару мүмкіндігін береді.

«Қазір өтініштердің басым  бөлігі – банк секторы бойынша өтініштер. 5 жыл бойы қаралған барлық өтініштердің ішінде негізделген шағымдар саны барлығы шамамен 2 % құрағанына назар аудару қажет. Осылайша, олардың басым бөлігі өткен жылдар проблемаларының салдары болып табылады және бұрынғы қарыздарға қызмет көрсете алмаумен, берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен, Ұлттық Банктің Бағдарлама бойынша берешекті қайта қаржыландырумен байланысты болды деп қорытынды шығаруға болады», - деді А. Терентьев.

«Қазір біз банк секторының, расында да, шектен тыс реттелгенін көріп отырмыз. Біз қаржы нарығы субъектілерінің іс-қимылын заңнамалық тұрғыдан шектеу жұмысын толассыз жалғастыра аламыз.  Соның нәтижесінде реттеуді нарыққа реттеушілік тұрғыдан терең талдау жасамай жалғастыру және оның кейіннен дамуы банктердің кредит беруді тоқтатуына әкеп соғуы мүмкін, одан қаржы институттары да, тұтынушылар да зиян шегуі мүмкін. Соған байланысты қаржы секторын жаңа реттеу нормативтерін әзірлеу мәселелеріне аса мұқият қарау қажет», - деді ол.

Спикер қаржы секторына сенімді арттыру үшін бір реттеушінің күш салуы жеткіліксіз екенін атап өтті. «Біз банктерге шарт жасамас бұрын мұқият жұмыс жүргізуге, клиенттердің жағдайларын реттеудің нақты жолдарынан тұратын клиенттер үшін «адалдық картасын» жасауға, тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін және қаржылық сауаттылықтарын арттыруға кеңес береміз. Егер банктер қызмет көрсету сатысында өздерінің әлеуетті қарыз алушыларына болуы мүмкін тәуекелдер туралы кәсіби тұрғыдан кеңес бергенде, кредиттер бойынша көптеген проблемалар болмаған болар еді», - деп сөзін түйіндеді А. Терентьев.  

 Сөзін қорытындылай келе, ол, өз кезегінде тұтынушылар өздері қабылдайтын шешімдер   ме міндеттемелер үшін жауапкершіліктерін арттыруға тиіс екендіктерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz