Қазақстан Ұлттық Банкіне үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып тәуекелге бағдарланған қадағалау моделін дамытуда қолдау көрсетілді. Бұл модель Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасының ерекшеліктеріне бейімделген. Бұл жайлы бүгін PricewaterhouseCoopers Испаниядағы әріптесі Альваро Бенсо Гонсалес-Колома Алматы қаласындағы Қазақстан қаржыгерлері VIII конгресінің «Тәуекелге бағдарланған қадағалау: әлемдік тәжірибе. Қазақстанның қаржы секторына арналған сын-қатерлер» атты сессиясында өзінің сөйлеген сөзінде айтып берді.
Ол, Қазақстанның банк жүйесі үшін дайындалған Банктік қадағалау және капитал жеткіліктілігін бағалау процесінің моделі банктердің жай-күйін 4 өлшем: бизнес-модельді талдау, басқару, капитал үшін тәуекелдер, өтімділік және қаржыландыру бойынша бағалайды деп атап өтті. Осы өлшемдерді бағалау үшін Банктік қадағалау және капитал жеткіліктілігін бағалау процесінде 2 – сандық және сапалық аспект бар.
«Cандық аспект банктер үшін барлық негізгі тәуекелдерді қамтитын бірқатар көрсеткіштерге сәйкес банктерді жіктейді. Мұндай индикаторлар белгіленген әдіснама бойынша қосылып, өлшенеді. Сапалық аспект банктердің тәуекелдерді басқару сапасын талдайтын тексерулер нәтижесінде сандық аспектіде көзделген бағалау жүйесі арқылы алынған бағалауды толықтырады және сипаттайды. Бұл талдау бағалаудың сандық жүйесінің көмегімен алынған алдындағы бағалауды жақсарта немесе тереңдете алады», - деп түсіндірді А.Б. Гонсалес-Колома.
Сарапшының айтуынша, аспектінің екеуі де түсінікті және салыстырмалы өлшемшарттарға негізделген банктердің тәуекелдері саласын айқындау үшін түсінікті стандарттарды қамтиды. Соған қарамастан, осындай стандарттарды қолдану үшін қадағалап пайымдауды пайдалану Банктік қадағалау процесінің маңызды сипаттамасы және бүкіл дүние жүзіндегі капиталдың жеткіліктілігін бағалау болып табылады.
«Бұл қағидат Банктік қадағалау процесінің және капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың механистикалық тәсілі болып табылмайтындығына кепілдік береді, ол банктердің белгілі бір айрықшалығын ескермейді, бірақ банктердің тәуекелінің саласын мұқият бағалайды», - деді PricewaterhouseCoopers өкілі.