Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Ұлттық валютаны трансшекаралық есеп айырысуда пайдалану жаһандық, сол сияқты өңірлік сипаттағы факторларға байланысты өте маңызды мәселе  болып табылады. Бұл жайлы  Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеген кезінде  Мемлекетаралық Банктің  Президенті И. Суворов айтып берді.

«Факторлардың бірінші тобына біз американдық валютаның нарықтарда, есеп айырысуларда, инвестицияларда басым  болуына  қатысты елдердің  жалпы наразылығын жатқыза аламыз. Факторлардың екінші тобына біз, өзара сауданың дамуын, қаржы  және  банк саласындағы ықпалдасуды қоса алғанда, әлемнің түрлі аймақтарында болып  жатқан экономикалық ықпалдасу процестерін қоса аламыз», - деп айтып берді И. Суворов.

Ол,  елдер арасында  орнықты экономикалық  байланыстар қалыптасқан және  макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті шешілген кезде есеп айырысуда  ұлттық валюталар  кеңінен  қолданыла  бастайды деп атап  өтті.

«Алайда есеп айырысуларға  арналған  институционалдық инфрақұрылымды да  ұмытпау қажет. Мысалы, еуразиялық  кеңістікте ұлттық валютамен есеп айырысулар Мемлекетаралық Банк арқылы 20 жылдан  бері жүзеге асырылуда», - деп атап  өтті И.Суворов. 

Оның  айтуынша, бұл қатысушылары ТМД мемлекеттері  болып табылатын  бірегей институт. «Мемлекетаралық Банкте қолданылатын ұлттық валюталарда есеп айырысуларға арналған  тетік орталық  банктерде тікелей корреспонденттік  шоттарды пайдалануға және ТМД алты елінің төлем жүйелеріне қолжетімділікке негізделген. Мемлекетаралық банктің мүмкіндігін біздің контрагенттеріміз – орталық банктер, халықаралық ұйымдар және сыртқы экономикалық қызметке  қатысушы компаниялар  жоғары бағалайды», - деді И.Суворов.

Мемлекетаралық Банктің Президенті сол сияқты, ұлттық валюталарды,  бір  өңір  шеңберінде ғана емес, сондай-ақ ШЫҰ, БРҮҚС, АТӨ және басқа бірлестіктердегі  ынтымақтастықты дамыту перспективаларын ескере отырып кеңінен пайдалануды арттыру  үшін  жаңа  мүмкіндіктерді  айқындау  қажеттілігін  атап  өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz