Инфляцияны 3-4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендету Ұлттық Банк үшін ортамерзімді кезеңде басмы міндет болады

Инфляцияны 3-4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендету Ұлттық Банк үшін ортамерзімді кезеңде басмы міндет болады

Инфляцияны 3-4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендету Ұлттық Банк үшін ортамерзімді кезеңде басым міндет болады

 

«Жолдауға сәйкес Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарын іске асыруды жалғастырады. Ортамерзімді кезеңде инфляцияны 3-4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендету міндеті біз үшін басым міндет болады». Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

Ол сондай-ақ «бұл ретте Ұлттық Банк ұзақмерзімді экономикалық өсуге ықпал етеді. Бұл инфляция бойынша мақсаттар және макроэкономикалық тұрақтылық арасындағы оңтайлы балансты іздеу арқылы іске асады» деп атап өтті.

Ұлттық Банк басшысы инфляцияны төмендетудің елдегі  макроэкономикалық жағдайды тұрақтандырудың аса маңызды көрсеткіші екендігін атап өтті. Д. Ақышев 2015 жылы ұлттық валюта бағамы құлдырағаннан кейін баға өршуі болғанын және оның өткен жылғы шілдеде 17,7%-ға жеткенін, «жыл соңында инфляциялық процестердің күрт баяулағанын және ұлттық валюта девальвациясы болған басқа елдерге қарағанда тез баяулағанын» еске түсірді.

«2015 жылы жылдық инфляция 13,6%, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,5% болды. Қаңтардың соңында жылдық инфляция 7,9% дейін төмендеп, 6-8% дәлізге оралды. Бұл осы кезеңде Ұлттық Банк үшін негізгі міндет болды», - деп қорытындылады Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz