Қазіргі уақыттың өзекті үрдісі жаһандандырмау болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөйлеген сөзі барысында айтып берді.
«Біздің көз алдымызда бірнеше жыл бұрын жетістік ретінде біржақты қарастырылған кейбір қағидаттардан бас тарту орын алуда. Геосаяси ахуал шиеленісіп, сауда протекционизмі мен капитал ағыны күшеюде. Соның салдарынан әлемдік нарықтардың құбылмалылығы және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тәуекелдері артуда», - деді Д. Ақышев.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы осындай тәуелділікті қысқартуға арналған шешімдердің бірі ұлттық валюталарды пайдалануды ынталандыру процесін іске қосу болып табылуы мүмкін екендігін айтып берді.
Д. Ақышев сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін валюталық тәуекелдерін сақтандыруға болатын қаржы нарықтарында бейрезиденттер үшін валютаны сақтаудың өтімді, орнықты, сенімді және ашық талаптармен қамтамасыз етілуі маңызды екендігін атап өтті. Халықаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталарды кеңінен пайдалану ұлттық валюталарда номинирленген қаржы құралдарының дамыған нарығынсыз және шетелдік инвесторлар нарығына ашық қолжеткізусіз мүмкін емес.
«Біздің алдымызда тұрған басқа маңызды мәселе – бұл әлемдік қаржы жүйесінің және оның инфрақұрылымының болашағы, яғни қаржы нарықтарының инфрақұрылымы мен қаржы ұйымдарының өздері таяудағы болашақта қалай болатындығы. Бүгін біз жаһандық цифрландыру және жеделдетілген технологиялық даму кезеңі қарсаңында тұрмыз. Біз қалыпты өмір салтын өзгертетін қаржы жүйесі құрылғысының ауқымды өзгерісінің куәгерлері болып отырмыз», - деп түсіндірді Д. Ақышев.
Оның айтуы бойынша, жаңа шешімдердің пайда болуымен және оларды қолдана отырып, бизнес-процестер, өзара әрекет ету үлгілері мен қызметтерді көрсету технологиясы өзгереді. Нарық белсенді түрде өзгеріп, клиенттерге жеке қызмет емес, қашықтан қызмет көрсетуге серпінді түрде ойысып бара жатыр. Банктік қызмет көрсетудің жаңа стандарттары қолжетімділік, тәулік бойы жұмыс істеуі және жылдамдық болып табылады.
«Біз болашақ барлық жаңалықтардың соңғы бенефициары қызметтерді тұтынушы болуға тиіс цифрлық ықпалдасуда қалыптасатынын көреміз. Бизнес пен мүдделердің протекционизмі жаһандық, сол сияқты жергілікті деңгейде тұтынушы туралы қамқорлыққа ауысуға тиіс», - деді сөзінің соңында Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.