Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

2016 жылдың соңында төлемдер  мен төлем жүйелері мәселелері бойынша заңнамалық база жаңартылды. Елде төлемдік қатынастарды кешенді реттеу енгізілді, төлем жүйелерін ұйымдастыру және төлем құралдарын қолдану тәртібі регламенттелді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөйлеген сөзі барысында айтып берді. 

Ол төлем қызметтері нарығының қатысушыларын көбейту, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, төлем құжаттарын орындау мерзімдерін қысқарту осы іс-шараларды өткізу нәтижесі екендігін атап өтті.    

Д. Ақышев өткен жылғы төлем саласындағы негізгі үрдіс қашықтан жұмыс істейтін арналарды пайдаланудың өсуі болғанына да басты назар аударды. Мемлекеттік және қаржылық қызметтерді оңтайландыру мақсатында қаржы ұйымдарының мемлекеттік органдармен электрондық өзара іс-қимылына ауысуы осы жылдың елеулі оқиғасы болды. 

«Ағымдағы жылы Қазақстан Ұлттық Банкі «блокчейн» технологиясына негізделген меншікті инновациялық «Invest Online» жобасын іске қосты. Бұл арнай мобильдік қосымша. Оның көмегімен Қазақстанның кез келген азаматы онлайн режимінде қашықтықтан қолжеткізу көмегімен өз қаражатын Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарына кез келген сомада делдалдарсыз, брокерлерсіз және қандай да бір комиссияларсыз инвестициялай алады. «Invest Online» жүйесі ақшаны басқа бағалы қағаздарға инвестициялауға арналған платформа ретінде дами бермек», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Оның айтуы бойынша, пилоттық режимде мобильді телефон нөмірі бойынша ақшаны онлайн аудару үшін мезеттік төлемдер жүйесі іске қосылды. Дамуына қарай бұл қолма-қол ақшаның маңызды баламасы болуы және қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz