Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан қор биржасы бірегей алаң болып табылады, онда бағалы қағаздар нарығына қатысушылар, қаржы құралдары, ақша, шетел валютасы және деривативтер шоғырландырылған. Ол туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеген кезде айтты.

Ол  Қазақстан қор биржасының индексі 2016 жылдан бастап 2,5 есеге өсті деп атап өтті. Акциялар мен биржаның борыштық бағалы қағаздарының нарығын капиталданыру үш жылға толмаған уақытта 25 трлн теңгеге дейін 16%-ға өсті. 

«Қазақстан Ұлттық Банкі реттеуші ретінде инфрақұрылымды оңтайландырды және реттеуші тәсілдерді барынша ырықтандырды. Келесі жылдың басынан бастап Орталық депозитарий мен Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі бірігеді. Біріктірілген ұйым ел ауқымында бірегей болмақ және әлемде оған ұқсасы да болмауы ықтимал», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

Ол эмитенттерге қатысты бақылау-қадағалау функцияларының қысқарғанын айтты. Бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша рұқсат беру рәсімдері оңтайландырылды. Инвестицияның пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар сияқты ұжымдық нысандарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптар барынша ырықтандырылды.

Бұған қоса, Д. Ақышевтың айтуы бойынша, оң үрдістерге қарамастан қор нарығын бизнесті қорландырудың нақты құралына айналдыру бойынша біршама жұмыс істеу қажет. «Біз ертеңгі Биржалық форум шеңберіндегі барлық мәселелерді талқылауға дайынбыз және ең маңызды даму бағыттарын айқындауға үміттенеміз», - деп сөзін қорытындылады Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz