Сақтандыру секторы шетелдік компаниялар филиалдарының нарыққа қолжеткізуі бойынша ДСҰ талаптары іске асырылатын бірінші сегмент болмақ. Ол туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеген кезде айтты.
«Осы жағдайларда ұлттық сақтандыру секторында шетелдік ойыншылар тарапынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіндік беретін дамытудың орнықты үлгілерін қамтамасыз ету бойынша аз ғана уақыт қалады», - деп атап өтті ол.
Д. Ақышев соңғы 5 жылда сақтандыру ұйымдары активтерінің 2 есе өскеніне қарамастан нарық тәуекелді сіңірудің жоғары капиталдандырылған құралына айнала қойған жоқ деп атап өтті. «Сақтандыру секторының ел экономикасындағы маңыздылығы шамалы. Соңғы 10 жылда сақтандыру сыйлықақыларының көлемі ІЖӨ-нің 1%-нан аспайды. Біз тек дамыған елдерден ғана емес, кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі көптеген елдерден де қалып қоямыз», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.
Д. Ақышев 2018 жылы Ұлттық Банктің сақтандыру заңнамасын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айтты, ол онлайн-сақтандыруды жүзеге асыруға, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді, шетелге шығатын туристерді қорғау жүйесі өзгерді.
«Тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде қайта сақтандыру жөніндегі қызметтің ашық болмауымен, жасырын сыйақыларды төлеу схемасының болуымен және қаржылық көрсеткіштермен айла-шарғылар жасаумен байланысты проблемаларды жою бойынша шаралар күшейетін болады», - деп хабарлады ол.
Д. Ақышевтың айтуы бойынша, жаңа талаптар акционерлер мен сақтандыру ұйымдары менеджментінің нарықтағы адал іс-әрекеті бойынша, тұтынушылар үшін түсінікті сақтандыру қызметін ұсыну процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерлерін үйлестіруді талап етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сақтандыру нарығы ортасының өзгеруі және оның алдында тұрған сын-қатерлер компанияның қысқа мерзімді пайда алуға, сектордың капиталдануының өсуіне, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағдарланған бизнес-үлгілерін көшіруді талап етеді.