Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Банк секторы қаржы нарығында активтердің көлемі бойынша көшбасшы бола отырып, экономиканың даму үлгісі мен уақыттың сын-қатерлеріне сәйкес келуіне айтарлықтай жүктеме көтереді. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев  Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлегенде айтты.

«Біз банктерді жаңа жағдайларға бейімдеу бойынша жұмысты күшейттік, себебі экономиканың қалыпты жұмыс істеуі қаржы институттары сенімді болған кезде ғана ықтимал», - деді Д. Ақышев.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің 2 жылда 5 банктен лицензияларын қайтарып алғанын атап өтті. «Себептері – төмен корпоративтік стандарттар және тәуекелдерді басқарудың әлсіз жүйелері, сондай-ақ біле тұра қайтарылмайтын қарыздарды байланысты тұлғаларға жаппай беру және қаржылық есептілікті қасақана бұрмалау. Бұл нарықтан шығарылған қаржы құралдарының осалдығының негізгі тізбесі», - деп хабарлады Ұлттық Банк Төрағасы.

Д. Ақышев  сондай-ақ жүйе құраушы банк – Казкоммерцбанкті қалыпқа келтіру және оны кейін Халық Банкімен біріктіру бойынша шаралар қабылданғанын, осының нәтижесінде ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар ТМД кеңістігінде де бәсекеге қабілетті ойыншы пайда болғанын атап өтті.

«Қазақстан Ұлттық Банкі Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттырудың кешенді бағдарламасын іске асырды. Басты мақсат – банк секторын банктердің акционерлерінің қаражатын белсенді түрде тарта отырып қалыпқа келтіру», - деді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша реттелген қарыздар түрінде мемлекеттік қолдаудың орнына банктердің акционерлері  жуық арадағы 4 жыл ішінде барлық жинақталған проблемалық кредиттерді толық есептен шығара отырып қаржы институттарын үстеме капиталдандыру бойынша барабар міндеттемелер алғанын атап өтті.

«Банк секторын қалыпқа келтіру бірнеше жылдық тұралаудан кейін кредиттеуді жандандыруға ықпал етеді. Қалыпты жұмыс істейтін банктердің экономиканы кредиттеу көлемі жылдық көрсеткіште 7%-ға ұлғайды. Біз бұл процесс серпінінің күшеюін күтеміз, себебі бұл үшін көп жағдай жасалды», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

«Біз банктердің ұзақ қорландыруды қамтамасыз ету мәселесіне кешенді тұрғыдан келдік, бұл экономиканы теңгемен ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Д.Ақышев. 

Ұлттық Банктің басшысы мерзімінен бұрын алу үшін заңнамалық тұрғыдан шектелген жинақ салымдары енгізілгенін айтты. «Бұл жаңа құрал - бір жағынан салымшылар үшін неғұрлым тиімді мөлшерлемені және кепілдік жүйесімен өтеу мөлшерін қамтамасыз етеді, екінші жағынан – банктерді қорландырудың неғұрлым сенімді базасымен қамтамасыз етеді», - деп хабарлады ол.

Д. Ақышев сондай-ақ халықтың салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді белгілеудің тетігі жетілдірілгенін атап өтті.

«Салымдардың барлық түрі үшін бірыңғай мөлшерлеме деңгейінің орнына осы жылғы 1 қазаннан бастап ең жоғары мөлшерлемелер салымның мерзімдері, түрлері, сондай-ақ толықтыру құқығы бойынша жіктеледі. Бұл шаралар ұзақ мерзімді сегментте ақша трансмиссиясының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді» - деді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының айтуынша, Мемлекет басшысының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін «7-20-25» бағдарламасы іске асырылуда.

«Бағдарлама 20% бастапқы жарнамен 25 жылға жылдық 7% мөлшерлемемен кредит алу мүмкіндігін береді. Әлеуметтік функциясынан басқа, 7-20-25 бағдарламасы кредиттеуді және қор нарығын дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Д.Ақышев, ипотекалық қарыздарды секьюритилендіру қағидаты банктерге  «Баспана» ипотекалық ұйымы қарыздарының пулдарын кез келген уақытта сатуға мүмкіндік береді, осылайша кредиттік белсенділіктің серпінін сақтау үшін өтімділік пен капиталды босатуға жағдай жасайды. «Баспана»  өз тарапынан қор нарығына облигациялар шығару арқылы қаражат тартады.

«Осылайша, банк секторын – экономиканы қорландырудың негізгі инфрақұрылымын қалыпқа келтіру және оның белсенділігін арттыру сатысында тұрмыз», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Д. Ақышев банктердің жоғары тәуекелді саясаты бар жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін, сондай-ақ реттеу және қадағалау мандатын күшейту шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап  қадағалау процесіне тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізетінін атат өтті.

 «Мұның үстіне, біз проблемалық банктерді реттеу және шешу режимінен (Recovery and Resolution tools) өтеміз, ол банктің міндеттемелерін мәжбүрлі түрде қайта құрылымдаудың тетіктерін көздейді. Бұл жаңалықтар Еуропа Одағы елдерінде, АҚШ-та, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде, атап айтқанда Ресей мен Беларусьтің мысалы бойынша іске асырылған халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның тәжірибесіне енгізіледі», - деп атап өтті ол.

Д. Ақышевтың айтуынша, уәжді пайымдау менеджмент пен акционерлерді келісу, құрылған провизиялардың барабарлығын бағалау, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды айқындау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалау бөлігінде қолданылатын болады.

Ұлттық Банк Төрағасы сондай-ақ пайымдау институтын ендіру мақсаты инвесторлардың, клиенттердің және басқа да мүдделі контрагенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында  қаржы ұйымдарының тәуекелдерін ерте сатысында ескерту болып табылатынын атап өтті. Төлем жасау қабілеті жоқ банктерді анықтау және реттеу режимі жетілдірілетін болады. Жүйелі салдары және мемлекеттің қолдауы барынша аз төлем жасауға қабілетсіз банктің проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін шаралардың толық тізбесі енгізіледі.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, соңғы саты қарыздарының тетігі жетілдіріледі. Негізгі назар төлем жасауға қабілетті банктерге ғана қарыз беруге, сондай-ақ ықтимал кепілмен, оның ішінде қарыз алушының банктердің жылжымайтын мүлкі және несие портфелі түріндегі нарықтық емес активтерімен қамтамасыз етуді кеңейтуге жасалды», - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Д.Ақышев Банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын сәтті іске асыру және тәуекелге бағдарланған қадағалау жөніндегі өкілеттік қолжеткізілген нәтижелерді нығайту бойынша бұдан былайғы шараларды талап ететінін түсіндірді.

«Әңгіме банк активтерінің сапасын толық әрі жан-жақты бағалау туралы. Біздің пікірімізше аталған рәсім, ең бірінші, банктердің өздеріне қажет. Тәуелсіз бағалау инвесторлардың қаржы институттарына сенімін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді, ал активтердің сапасын бағалау үшін тәуелсіз тарапты тарту нәтижелердің шынайылығын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Д.Ақышев.

Ол сөзінің соңында келесі жылы бағалау жүргізу тәсілдері мен әдіснамасын талқылауды бастауға болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz