Публикации, отчеты, интервью

 Публикации, отчеты, интервью

Ақша нарығының жұмысын қалыпқа келтірмей теңгенің рөлін арттыру және инфляциялық процестерді тұрақтандыру мүмкін болмады.  Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан қаржыгерлері VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеу барысында айтып берді.

Ол 3 жыл бұрын нарықта TONIA мөлшерлемесі 56% мөлшерде болуы, ал 5-6 жыл бұрын салық төлемдері кезеңінде мөлшерлеме 40%-ға дейін күрт өсуі қалыпты жағдай болды деп атады.

«Қазір нарықтық мөлшерлемелер Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін дәліздердің шегінде және нақты жұмыс істеп тұрған ақша нарығында қалыптасады. Ұлттық Банк тұрақты колжетімді терезе және ашық нарық операцияларын қоса алғанда, өтімділікті ұсына және қамти отырып, өз құралдарын толық көлемде іске асырады. Базалық мөлшерлеме нақты индикатор және ақша-кредит саясатының тұрақты қолданылатын негізі болды. Біз оны айқындауда болжамды, жүйелі және айқынбыз», - деп түсіндірді Д. Ақышев.  

Оның айтуынша, нақты көрсеткіш бойынша базалық мөлшерлеме экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді қарқынынан аспайтын деңгейде сақталуда. Бұл ақша-кредит саясатының бейтараптылығын қамтамасыз етеді және инфляцияның нысаналы деңгейін қамтамасыз ету мен экономиканың өсімін ынталандыруды қолдау арасындағы теңгерімді сақтайды.

Соңғы кезде ақша және валюта нарықтарын одан әрі дамытуға және бейрезиденттердің колжетімділігін кеңейтуге басымдық бердік.

Атап айтқанда Д. Ақышев  бұл Clearstream халықаралық клиринг жүйесінде бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларға тікелей қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жоба деп атады.

«Қазақстан Ұлттық Банкінің ноттарын орналастыру да Т+2 жүйесіне көшті. Біз осындай көшу Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша да жүргізіледі деп үміттенеміз», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Бұдан басқа, қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы валюталық операциялар Т+1 есептелетін секторға ауыстырылды. Жаңадан есептеу банктердегі өтімділікті барынша дәл басқаруға және ақша нарығындағы құбылмалылықты төмендетуге мүмкіндік береді.

«Қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы валюта нарығында орталық контрагент ретінде жұмыс істей бастады. Қазақстанда бұл тетік қысқа мерзімде әзірленді, ол көбінесе Ресейдің Орталық Банкінің және Мәскеу биржасының тәжірибесін пайдалану арқасында мүмкін болды. Қазақстан қор биржасымен бірлесе отырып брокерлерді валюта нарығына кіргізу бойынша жұмыс жүргізілді», - деді Д. Ақышев.

Ол жылдың соңына дейін валюта нарығында құбылмалылықты төмендету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі туынды қаржы құралдарын енгізуді жандандыруды жоспарлап отыр деп толықтырды. Бұл көлемдердің спот алаңынан мерзімді нарыққа артық әкетілуін қамтамасыз етеді және қаржы нарығын валюта тәуекелдерін хеджирлеу құралымен қамтамасыз етеді.

1 жылға дейінгі мерзімі бар валюталық своп нарығын жасау, Д. Ақышевтың айтуынша, хеджирлеу құралдары ұсынылатын тұрақты жұмыс істеп тұратын алаңды қалыптастыру бойынша бірінші жүйелі қадам болып табылады.

«Осылайша, ағымдағы жылы әлемдік қаржы нарықтарымен ықпалдасуды нығайту жағына үлкен қадам жасалды, ол валюта және ақша нарықтарының өтімділігін ұлғайтуға және барынша тиімді баға белгілеуге ықпал етеді», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы өз сөзін қорытындылай келе.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz