Өткен жылдардың тәжірибесі Қазақстан экономикасы үшін ақша-кредит саясатының барынша қолайлы режимін айқындауға мүмкіндік берді. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан қаржыгерлері VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеу барысында айтып берді.
Ол нақты өзгермелі айырбастау бағамына өту және ақша нарығындағы операцияларға басымдық беру – біздің қаржы нарығының кемелділігінің белгісі және реттеушінің ақша өтімділігін басқару мүмкіндігі деп атады. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту – бұл қисынды қадам, оны ашық экономикасы және сыртқы экономикалық процестерге ықпалдасудың жоғары дәрежесіне ие ел ерте ме кеш пе жүзеге асыруға тиіс болған.
«Инфляция бойынша нысаналы бағдарларға жету – заңда айқындалған, басқа елдердің тәжірибесі және көптеген орталық банктердің практикасы дәлелдеген басымдық. Соңғы 2 жылда біз инфляцияны біртіндеп төмендетудеміз және нысаналы дәлізді ұстанамыз. Бұдан басқа, осы жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі инфляцияның деңгейін салыстыруға келетін даму деңгейі бар елдердің көрсеткіштеріне дейін жеткізу мақсатында инфляция бойынша нысаналы бағдарларды біртіндеп төмендете бастады. Егер 2017 жылы инфляция дәлізі 6-8% болса, осы жылы 5-7% болды,ал 2019 жылы 4-6% болады. Орта мерзімі міндет – инфляцияны 4% деңгейге дейін және 2020 жылдың соңында одан да төмен жеткізу», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Ол бұл мақсат айқын деп атады. «Мәселен, қазанда жылдық көрсеткіш бойынша инфляция 5,3%-ға дейін төмендеді. Инфляцияның деңгейі 18%-дық мөлшерде болған кезде 3 жыл бұрын бұл мәндерді екінің бірі болжаған жоқ», - деп түйіндеді Д. Ақышев.